Заттың тығыздығы
Сабақ туралы мәлімет
Пән
Физика (7-сынып)
Мұғалім
Жадыра Рахманқұлова
Тақырып
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Заттың тығыздығы.
Мақсаты
Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде әртүрлі денелердің инерттілігінің өлшемі ретінде массаның маңызын түсіндіру, сондай-ақ 1 см3 заттың массасын сипаттайтын шама — тығыздық туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларға осы физикалық шамалардың формулаларын және өлшем бірліктерін меңгертіп, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер
A деңгейі
Өзара әрекеттесу, масса және тығыздық ұғымдарын қолдана отырып есептер шығарады; формулаларды пайдаланады; өлшем бірліктерінің мәнін біледі.
B деңгейі
Өзара әрекеттесу, масса және тығыздықтың физикалық шама екенін түсінеді; күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.
C деңгейі
Өзара әрекеттесу, масса және тығыздық ұғымдарының негізгі мағынасын түсінеді және ажырата алады.
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар
Оқулық
- Физика, 7-сынып. Авторлары: Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева. Алматы: Атамұра, 2012.
Құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта
- Таразы
- Арбашалар (2 дана) және жүктер
Сабақ барысы
1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақ басында оқушыларға жылы лебіз білдіріп, жағымды психологиялық орта қалыптастырылады. Одан кейін үй тапсырмасы тексеріледі.
2) Өткен тақырыптарды қайталау (тест)
Интерактивті тақта (Слайд 1)
-
1. Атом ұғымын ғылымға енгізген кім?
- А. Галилей
- Б. Декарт
- В. Аристотель
- Г. Демокрит
-
2. Табиғатта барлық физикалық денелер неден тұрады?
- А. Өте кіші шариктерден
- Б. Тек қана протондардан
- В. Молекулалардан, атомдардан және басқа да бөлшектерден
- Г. Тек қана электрондардан
-
3. Бақылау барысында жиналған ғылыми фактілерге сүйеніп ұсынылған болжам қалай аталады?
- А. Физикалық шама
- Б. Тәжірибе
- В. Гипотеза
- Г. Физикалық эксперимент
-
4. Уақытты өлшеуге арналған аспап:
- А. Барометр
- Б. Сызғыш
- В. Спидометр
- Г. Секундомер
-
5. Секундпен нені өлшейді?
- А. Аудан
- Б. Ұзындық
- В. Жылдамдық
- Г. Уақыт
Өз жұмысын сараптауға арналған нұсқау
- Тестте 5 сұрақ берілген. Барлығына жауап бере алдың ба?
- Жауап нұсқаларын пайдаланып, бірнеше жаңа сұрақ құрастыр.
- Мұғалімге айтпас бұрын, сұрақтардың дұрыс құрастырылғанына көз жеткіз.
- Бір-біріңмен салыстырғаннан кейін, жауаптарың туралы пікірің өзгерді ме?
- Жауаптарың қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?
3) Түйінді сөздер арқылы тақырыпқа шығу
Слайд 2
Оқушылар ұсынылған сөздерге сүйене отырып, бүгінгі жаңа тақырыпты болжайды. Мұғалім сабақ тақырыбын интерактивті тақтада көрсетеді (Слайд 3) және сабақтың мақсатын нақтылап өтеді (Слайд 4).
4) Жағдаяттық сұрақтар (өмірмен байланыс)
Слайд 5
Интерактивті тақтада денелердің өзара әрекеттесуін бейнелейтін фотосуреттер көрсетіледі. Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
- Әділет Оралбекпен әрекеттескенде қандай жағдай орын алды?
- Ентігіп жүгіріп келе жатқан баланың соқтығысуы туралы Айназар қандай ой айтады?
- Бұтақтағы торғайдың ұшуы кезінде қандай әрекет байқалады?
- Осы мысалдардан қандай қорытынды жасауға болады?
Қорытынды: денелердің бір-біріне әсер етуі өзара әрекеттесу деп аталады.