Тортай кім

Сабақтың мақсаты

  • А

    Білімділік: жазушы өмірінен мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын ашу, тақырыбы мен идеясын анықтау, кейіпкер бейнесіне талдау жасау.

  • Ә

    Тәрбиелік: оқушыларды кейіпкер тағдырына ортақтастыра отырып, адамның жан дүниесін түсіне білуге, қайырымдылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

  • Б

    Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдай білуге және дәлелді пікір айтуға баулу.

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, іздендіру, СТОД технологиясы.

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны, іскерлікті меңгерту сабағы.

Көрнекіліктер

  • Ақын портреті
  • Сабақ мазмұнына байланысты нақыл сөздер
  • Мақал-мәтелдер

Негізгі ой

«Балалық шақ — адамзаттың көктемі» (С. Мұқанов)

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отырғызылады.

Тренинг: «Бақытты бала» тақырыбында сурет салып, ойды сурет арқылы жеткізу.

I кезең

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау арқылы мәтінге бағыттау және алғашқы болжамдарды айту.

Біздің арамызда менен екі-үш жас үлкен бір бала болушы еді. Әке-шешеден ерте айырылып, алыстан қосылатын аталастарының үйінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағы сәл мүкіс, көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден ерекшелігі — таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін.

Жетелеуші сұрақтар

  • Үзінді кім туралы? Авторын кім деп ойлайсыздар?
  • Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат...» деп аталған?
  • Әңгіменің тақырыбы туралы не айтар едіңіздер?
II кезең

Мағынаны тану

«Әдебиет — тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз. Ендеше, осы асқар биікке жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастайық.

Оралхан Бөкей туралы қысқаша дерек

  • Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
  • Көп сөйлемейтін, бірақ сөйлесе, сөзі «алтын жалатқан қорғасындай» дәл әрі әсерлі болған.
  • Әкесі соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынып, Орал тауы маңында еңбек еткен.
  • Анасы Күлия шешендігімен, әншілік өнерімен танылған.
  • Жиырма жасынан бастап қалам ұстап, әңгіме, повесть, драма, роман жазып, қазақ прозасын байытты.
  • Жазушы өз дәуірінің қарапайым адамын сомдап, қоғамдағы келеңсіз тұстарды ашып көрсете білді.

Әңгіменің мазмұндық өзегі

Әңгіме Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тіршілігі, ауыр еңбек және жетімдік тауқыметін тартқан балалардың өмірі төңірегінде өрбиді.

Түсіндірме сөздік

Иығы
жоғарғы жағы мағынасында қолданылған.
Күреңсе
мамық шөп.
Маялау
шөпті үйіп жинау.
Көңіл хошы
көңіл күйі.

Мәтін бойынша сұрақтар

  • Соғыстан кейінгі жағдай қалай сипатталған?
  • Тортай кім?
  • Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай берілген?
  • Ораштың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?
  • Тортай қандай бала? Ол нені армандады?

Кесте арқылы жинақтау

Шығарманың авторы Оралхан Бөкей
Шығарма «Тортай мінер ақ боз ат...»
Кейіпкерлер Әңгімеші бала, Тортай
Мәтіннен ұнаған үзінді Оқушы толтырады
Ұнамаған тұсы Оқушы толтырады

Мәтіндегі көркем тіл

Эпитеттер

Жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние.

Теңеулер

Табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма.

Мақал-мәтелдер

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды». «Ораза-намаз тоқтықта ғана».

Фразеологизмдер

Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу.

III кезең

Ойтолғаныс

Оқылған мәтінге қатысты жеке пікір қалыптастыру және шығармашылық тапсырмалар орындау.

1) Бес жолды өлең

Тақырып: Тортай немесе Ораш.

2) RAFT

  • Рөл: Жазушы
  • Аудитория: Оқырманға
  • Форма: Әңгіме
  • Тақырып: Соғыстан кейінгі жағдай

Сабақты қорытындылау

Ұ. Жолдасовтың орындауындағы «Сәби бақыты» әнін тыңдату.

Үй тапсырмасы

Соғыстан кейінгі балалық шақ пен бүгінгі балалық шақты салыстырып, ой толғау жазу.

Бағалау

Оқушының белсенділігіне, дәлелді пікір айтуына, тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.