Қатыстық сын есімді тап

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Сын есімнің мағыналық түрлері

Типі

Жаңа білім беру

Түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ойын

Көрнекілік

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.

Дамытушылық

Ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тапқырлық пен ізденімпаздықты арттыру, алған білімді қолдана білу қабілетін күшейту.

Тәрбиелік

Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білім алуға және оқуға құштарлық сезімін арттыруға ықпал ету.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Зейінді сабаққа шоғырландыру.

Үй тапсырмасын тексеру

142-жаттығу орындалуын тексеру және «Зымыран сұрақтар» арқылы қайталау.

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Тұлғасына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
  4. Туынды сын есім дегеніміз не?
  5. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  6. Дара сын есім дегеніміз не?
  7. Күрделі сын есім дегеніміз не?
  8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды атаңдар.

Жаңа сабақ

Төмендегі сын есімдерді негізгі және туынды сын есім деп бөліп, бөлек-бөлек жазыңдар.

Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық сын есім.

146-жаттығу (жазбаша): берілген тапсырмалар арқылы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырату.

Сергіту сәті: «Бір сөзбен айтқанда»

Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында төмендегі сипаттамаларды бір сөзбен атаңдар.

  1. Қиыстырып сөйлейтін, сөзге шебер адам.
  2. Айтқанға тез сене салатын, байқампаз емес адам.
  3. Тез ашуланатын адам.
  4. Көрінгенге соқтыға беретін адам.
  5. Керексіз көп сөйлейтін адам.
  6. Бойы ұзын адам.
  7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтатын адам.
  8. Бір сыныпта немесе бір мектепте оқығандарды бір сөзбен ата.

147-жаттығу (ауызша): Жұмбақтар

Жұмбақтарды оқып шығып, қатыстық сын есімдерді табыңдар. Қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.

1) Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші.

Жауабы: радио

2) Темір қайшы — қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбектерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.

Жауабы: сағаттың тілі

3) Ешбір тілеусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез.

Жауабы: аспан

Ойлан, ізден, тап

  1. Оңнан солға да, солдан оңға да оқығанда сын есім болатын сөздерді атаңдар.
  2. Екі әріптен ғана тұратын сын есімді табыңдар.
  3. Құрамында үш а әрпі бар сын есімді табыңдар.
  4. Тек қ әрпінен басталатын сын есімдерді атаңдар.
  5. Қара–қызыл, түкті–түссіз сын есімдері қай жұмбақтарда кездеседі?

151-жаттығу: Есте сақтап жазу

Берілетін уақыт: 3 минут.

Жайлау

Жайлау қандай тамаша,
Көзді тартар қараса.
Қызыл-жасыл төңірек
Бейне жайған алаша.

Жылдам жауап: тізбектей жазу

«Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тегінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын» тапсырмасын орындаңдар.

Үлгі: асқақ → тәтті → жақсы → аласа

Ескерту

Құрамындағы қатыстық сын есімдерді табу қажет.

Мақсат

Ой жылдамдығын арттыру және сын есім түрлерін ажырата білу дағдысын бекіту.

Ойын: «Өзімді-өзім сынаймын»

Ойынға 12 тест сұрағы ұсынылады. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы сұрақтың астындағы ұтысты алуға құқылы.

Сұрақ / тапсырма Ұтыс
1 Сын есім:
A) заттың санын білдіреді
Ә) заттың атын білдіреді
Б) заттың сапасын білдіреді
Дәптер
2 Сапалық сын есімді тап:
A) қорқақ
Ә) білгіш
Б) ашушаң
Сызғыш
3 Сын есімнің сұрақтары:
A) не істеді?
Ә) қандай? қай?
Б) қанша? неше?
Қалам
4 Жұмбақты шешіп, сын есімді тап:
Белі бүкір, алысқа түкір.
Кәмпит
5 Туынды сын есімді тап:
A) жалтыр
Ә) тәртіпті
Б) биік
Өшіргіш
6 Сын есімді тап:
A) кеше
Ә) әлсіз
Б) сары
Күнтізбе
7 Негізгі сын есімді тап:
A) таза
Ә) әлсіз
Б) кешкі
«5» баға
8 Жұмбақты шешіп, сын есімді тап:
Аттан биік, иттен аласа.
Стержень
9 Қатыстық сын есімді тап:
A) заңгер
Ә) ымырт
Б) өнегелі
10 Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздерді тап:
A) семіз
Ә) мөлдір
Б) сотқар
Маркер
11 Дара сын есімді тап:
A) тап-таза
Ә) ақ
Б) өте жақсы
Қаламсап
12 Құрамында үш т әрпі кездесетін қандай сын есім бар?

Сабақты бекіту

  1. Сын есімнің біздің өміріміздегі рөлі қандай?
  2. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Сапалық сын есім дегеніміз не?
  4. Қатыстық сын есім дегеніміз не?

Қорытынды

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.