Кім іскер және кім шебер
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сынып
6-сынып ұлдары
Сабақ тақырыбы
«Кім іскер және кім шебер?» (презентациясымен)
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, орыс тілі, ағылшын тілі, сызу.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, ою-өрнектер, карточкалар, сағат, алдын ала қиылған қаңылтыр материалдары.
Сабақтың мақсаттары
Жалпы мақсат
Оқушылардың технология пәнінен алған білімін іс-тәжірибемен ұштастырып, қазақтың мақал-мәтелдері мен салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Білімділік мақсаты
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру және белсенділігін арттыру.
Дамытушылық мақсаты
Эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтаныш сезімін ояту; шапшаңдыққа, талғампаздыққа және шеберлікке баулу.
Тәрбиелік мақсаты
Өз елін, халқын, Отанын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу; ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбекке баулу.
Кіріспе және сайысқа бағыт
Бүгінгі заман талабына сай адам «сегіз қырлы, бір сырлы» болуы тиіс. «Үйрету — үлкеннен, үйрену — кішіден» демекші, өткеннің өнегесі мен дәстүрдің татымдысын сабақ барысында бала бойына сіңіру — әр ұстаздың міндеті.
Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер және оқушылар, «Кім іскер және кім шебер?» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қатысушы топтар
Сайыс құрылымы: 6 кезең
-
1) Таныстыру
4 минут
Әр топтың жетекшісі өз тобын таныстырады.
-
2) Сұрақ-жауап
7 минут
Сандықтан алынған сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 2 сұрақ беріледі: әр дұрыс жауапқа 5 ұпай, екі жауап та дұрыс болса — 10 ұпай. Жауап беруге 2 минут уақыт бөлінеді, жауапты әр топтан бір оқушы айтады.
-
3) Ойлан, тап
6 минут
Интерактивті тақтадағы суреттерге байланысты мақал-мәтел құрастырып айту.
-
4) Тіл өнері
6 минут
Тапқан сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту. 1 сөз — 5 ұпай, 2 сөз — 10 ұпай, 3 сөз — 15 ұпай.
-
5) «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» + «Тапқыр достар» (анаграмма)
10 минут
Дайын қаңылтыр материалына ою-өрнек салу және берілген анаграмманы (сөзжұмбақты) шешу.
-
6) «Өнерлі бала өрге жүзер»
5 минут
Әр топ үйден жасап келген бұйымдарын таныстырып, қорғайды.
Кезеңдер мазмұны
I. Таныстыру
«Ал кімнің өнері бар қаншалықты: бірі кілемге өрнек салыпты, енді бірі терме ұстап, ши тоқыпты, оюдан түйін түйіп тамсаныпты…»
Осылайша, кезекті сайыскерлерге берейік: әр топтың жетекшісі өз командасын таныстырады.
II. Сұрақ-жауап
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Инемен құдық қазғандай, білімнің шыңына шығады…»
Бұл кезеңде сандықтан алынған сұрақтарға жауап беріледі.
Сұрақ 1
Үш арсыз, үш жамандықты атаңыз.
- Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
- Нақақ қан төгу; кісі малын ұрлап алу; ата-бабадан қалған жұртты бұзбау.
Сұрақ 2
Қазақша ай аттарын атаңыз.
Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан.
Сұрақ 3
Төрт түлік малдың иелері қалай аталады?
- Түйе — Ойсылқара
- Жылқы — Қамбар ата
- Қой — Шопан ата
- Ешкі — Сексек ата
- Сиыр — Зеңгі баба
Сұрақ 4
Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз.
Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы және т.б.
Сұрақ 5
Жеті атаны атаңыз.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Сұрақ 6
Жеті қазынаны атаңыз.
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Сұрақ 7
Үш жүзді және «үш көзді» атаңыз.
- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
- Су анасы — бұлақ; жол анасы — тұяқ; сөз анасы — құлақ.
Сұрақ 8
Бес қару деген не?
Садақ, қылыш, найза-сүңгі, айбалта, шоқпар.
III. Ойлан, тап
Интерактивті тақтадағы суреттерге қарап, сол тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтылады.
IV. Тіл өнері
Берілген тапсырмалардағы бос орынға қажетті сөз қойылады және сол сөз қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылады.
Тапсырмалар
-
1) Жаңбырменен не көгерер?
Жер — земля — earth
-
2) Не қорқақ, қол батыр?
Көз — глаза — eye
-
3) Қанша жуан болса да, жалғыз не үй болмас?
Ағаш — дерево — tree
-
4) Не отбасынан басталады?
Отан — Родина — Motherland
-
5) Туған жерге неңді тік?
Ту — флаг — flag
-
6) Не басынан шіриді?
Балық — рыба — fish
-
7) Шебердің саусағы не?
Алтын — золото — gold
-
8) Жақсыдан үйрен, жаманнан не?
Жирен — отвращение — away
V. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» және анаграмма
Бұл кезеңде оқушылар дайын қаңылтыр материалына ою-өрнек салады.
Сонымен бірге «Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты анаграмма тапсырмасын орындайды: әр топ өзіне берілген сөзжұмбақты шешуі керек.
VI. «Өнерлі бала өрге жүзер»
Әр топ үйден жасап келген бұйымдарын таныстырып, жасалу жолын, қолданылуын және көркемдік ерекшелігін дәлелдеп қорғайды.
Қорытынды
Бүгін сіздер шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар. Өнер — құдірет, күш, адамның жан серігі әрі рухани байлығы.
Жеңіс кез келгенге бұйырмайды: талапты, өнерлі оқушы ғана жарқырап алға шығады. Талант пен өнер атаулының биік шыңы — дарындылық.
Осындай сайыстарға жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта берсін. Құрметті әділқазылар алқасы, оқушылардың өнерін бағалауыңызды сұраймыз.
Еске салу
- Әр кезеңдегі уақыт тәртібі сақталады.
- Ұпайлар әділқазылар алқасының бағалауымен бекітіледі.
- Негізгі өлшемдер: білім, тапқырлық, шеберлік, ұқыптылық және топтық жұмыс.