Шалқан ертегісі орыс ертегісі
Сабақ тақырыбы
«Шалқан» ертегісі
Мақсаты
Білімділік
«Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқан көкөнісіне түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Ертегіні сахналау арқылы балалардың ой-қиялын, тілдік қорын және рөлдік әрекет дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Бір отбасының татулығы мен бірлігін үлгі ете отырып, ұйымшылдыққа және бірлесіп әрекет етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Слайдтар
- Қойылымға қажетті сөздер мен рөлдер
Түрі
Сахналық көрініс (қойылым)
Мұғалім сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Еркін елдің ертеңі — кемел білім мен кенен ғылымда» атты апталығымыз аясында даярлық тобының «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер!
Бүгін сахналайтын ертегіміз — «Шалқан». Бұл — орыс халық ертегісі.
Ертегі түрлері
- Қиял-ғажайып ертегі
- Шыншыл ертегі
- Жан-жануарлар ертегісі
- Тұрмыс-салт ертегісі
«Шалқан» ертегісі тұрмыс-салт ертегісіне жатады.
Шалқан туралы қысқаша мәлімет
Сипаттамасы
Шалқан — орамжапырақ тұқымдасына жататын екіжылдық көкөніс. Түсі әдетте ақ немесе сары болады.
Пайдасы
Құрамында ағзаға қажетті дәрумендер бар, емдік қасиеті де кездеседі. Кей деректерде шаш күтіміне пайдалы екені айтылады: шалқан жапырағын қайнатып, сол сумен шаш жуса, шаштың түсуі азайып, майлануы бәсеңдеуі мүмкін.
Енді «Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалайық.
Сахналық қойылым мазмұны
Бір күні атай аулаға шалқан егеді. Көп күтім жасап, маңдай терін төгеді. Уақыты келгенде шалқан үйдей болып өседі.
Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып тартады, бірақ шығара алмайды. Сонда ол әжейді шақырады. Әжей немересін шақырады. Немере әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, ал атай шалқанның жапырағынан ұстайды. Олар олай тартады, былай тартады — шалқан шықпайды.
Немере күшікті шақырады. Күшік мысықты шақырады. Мысық та қосылады: мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немеренің етегінен ұстайды, немере әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның жапырағынан ұстайды. Қанша тартса да, шалқан әлі шықпайды.
Соңында мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды. Барлығы бір-біріне жалғасып, күштерін біріктіріп, қатты тартқанда — шалқан жерден суырылып шығады.
Өлең нұсқасы
Баяғыда бір үйде
Шал мен кемпір болыпты.
Тірліктеріне өмірде
Көңілдері толыпты.
Бір күні шал аулаға
Шалқан дәнін егіпті.
Шалқан піскенше асықпай,
Маңдай терін төгіпті.
Шалқан әбден піскесін,
Шал келеді жұлуға.
Арлы-берлі тартқылап,
Жұла алмасын біледі.
Шақырады көмекке
Үйде жүрген кемпірін.
Екеуі жұлып ала алмай,
Шаршап қалды ентігіп.
Шақырады тағы да
Үйдегі немересін.
Үшеулеп тартып көрсе де,
Шықпайды шалқан түйнегі.
Ойланып бәрі тағы да,
Шақырады күшігін.
Жабылғанмен қолға алып,
Жетпейтінін білді күшінің.
Төртеуі тартып ары-бері,
Шаршады әбден терледі.
Мысығы келді көмекке,
Онда да әлдері келмеді.
«Не істеу керек?» — деп,
Отырып бәрі ойланды.
Көмекке енді келетін
Үйде енді кім қалды?
Үйлерінде тышқаннан
Басқа ешкім жоқ еді.
Шақырғасын тышқанды,
Көмекке ол да келеді.
Шал барып шалқанның
Сабағынан ұстайды.
Бір-біріне жалғасып,
Күштерін жиып нықтайды.
Жабылып бәрі тартады,
Күштері енді артады.
Бірлесіп тартып қалады —
Шалқанды жұлып алады.
Түйін
Көрдіңдер ме, балалар? Ауызбіршілік бар жерде іс жеңілдейді: «Жұмыла көтерсе жүк жеңіл». Бірлікпен әрекет етсең, мақсатыңа жетесің.
Ән
«Ертегілер еліне»