Өрттің қаупі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың – жаны сау»

Сабақ тақырыбы

«Өрттің қаупі». Лев Толстой: «Өрттен құтқарушы иттер».

Пән

Әдебиеттік оқу

Уақыты

Сабақтың басы: 5 минут

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқып, шығармадағы негізгі ойды анықтайды.
  • Сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап береді, табиғи апаттар туралы білімін көрсетеді.
  • Үйдегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, айта алады.

Сабақтың басы: қызығушылықты ояту (тренинг)

Тренинг: «Бәріміз бірге»

Мақсаты: балаларды бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету және серіктесінің қозғалыс ырғағына бейімделу.

Жаттығудың жүргізілуі

  1. 1 Балалар алдымен жұппен тұрады, кейін мұғалім айтқан сан бойынша бірнеше оқушы бірігіп топтасады.
  2. 2 Оқушылар допты бірге ұстайды: әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс.
  3. 3 Мұғалімнің белгісінен кейін оқушылар допты түсірмей, бір уақытта отырып-тұрып, сынып ішінде жүріп немесе секіріп қозғалады.
  4. 4 Негізгі шарт: бірлесіп әрекет ету және допты түсіріп алмау.

Топ

1-топ

Топ

2-топ

Топ

3-топ

Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы сұралады. Кейін «Ой сергек» арқылы сабақ тақырыбына назар аударылады.