Мал шаруашылығы өнімдерінің бухгалтерлік есепте бейнеленуі

Жалпы мәлімет

Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. Оқытушы: Сералиева Бану.

Тақырыбы: Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану.

Сабақтың типі

Теориялық

Сабақ түрі

Құрамдас сабақ

Пәнаралық байланыс

  • Ветеринария негіздері
  • Экономика негіздері
  • Информатика негіздері
  • Ветеринариялық-санитариялық сараптау
  • Қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімділік

  • Мал шаруашылығы өнімдері туралы түсінікті қалыптастыру.
  • Өнімдердің қаржылық есепте бейнеленуін үйрету және білімін тексеру.
  • Қойылған мақсатқа жүйелі түрде жетуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Дұрыс шешім табуға үйрету.
  • Дербестік, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық

  • Ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
  • Логикалық сұрақтар арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
  • Есте сақтау қабілетін және шығармашылық жағдайда шешім қабылдауды дамыту.
  • Өздігінен білім алу және аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Әдістемелік тәсілдер және ресурстар

Сабақ әдістері

  • Интербелсенді әдіс
  • Бинарлы әдіс
  • Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
  • Рөлдік ойын, лекция элементтері

Көрнекі құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Кеспе қағаздары
  • Бейнематериалдар және бейнеролик
  • Бағалау парағы
  • Материалдар мен сызбалар

Бинарлы сабақ дегеніміз не?

Бинарлы сабақ — пәндер арасындағы байланысты күшейтіп, білімді біріктіру арқылы бір мәселені шешуге бағытталған оқыту формасы. Ол түрлі салалардан алынған білімді жинақтап, оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Сабақтың өту барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Дәрісхананың тазалығына назар аудару.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу және әр топқа сарапшы сайлау: сөйлеуші, қорғаушы, талдаушы.
  • Сыншы рөлін оқытушы атқарады.

«Келісім ережесі»

  1. 1.Барлығымыз оқуымызға жауаптымыз.
  2. 2.Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз.
  3. 3.«Көтерілген қол» ережесімен бір уақытта бір адам сөйлейді.
  4. 4.Тек істің мәні бойынша сөйлейміз.
  5. 5.Өз пікірімізді таңбаймыз.
  6. 6.Мағынасыз сұрақ қоймаймыз.
  7. 7.Басқалардың сөзін бағалаймыз және құрметтейміз.
  8. 8.Уақыт шектеуін сақтаймыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Жұмбақтас» ойыны

Тақтада өткен тақырып бойынша суреттер арқылы сұрақтар көрсетіледі. Жауап нұсқалары тақтада беріліп тұрады.

«Сен — маған, мен — саған» ойыны

Командалар бір-біріне екі сұрақтан қояды. Оқытушы жауаптарды толықтырып, қорытындылайды.

3) Жаңа тақырып

Тақырып: Мал шаруашылығы өнімдерін пайдалану.

Мақсаты: мал шаруашылығы өнімдері және олардың қаржылық есепте бейнеленуі туралы білім беру, сондай-ақ өнімдерді желі арқылы шетел нарығына тарату мүмкіндіктерін түсіндіру. Оқушыларды мақсатқа жүйелі жетуге дағдыландырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ жоспары және топтық жұмыс

Жоспар

  1. 1.Мал шаруашылығы өнімдерін тұтыну
  2. 2.Мал шаруашылығы өнімдерінің бухгалтерлік есепте бейнеленуі
  3. 3.Мал шаруашылығы өнімдерінің халықаралық деңгейі
  4. 4.«Білім — бүкіл өміріңе»

Орындау форматы

Мәтін үш топқа бөлініп беріледі. Әр топ берілген бөлім бойынша презентация дайындайды. Әр топтың сарапшысы бағалау парағына нәтижелерді белгілеіп отырады.

Рөл

Сөйлеуші

Рөл

Қорғаушы

Рөл

Талдаушы

Негізгі мазмұн: есепте көрсету және өнімді тану

Мал шаруашылығы өнімдерін тұтыну

Мал шаруашылығы өнімдері (ет, сүт, тері және т.б.) тағамдық қауіпсіздік пен өңдеу өнеркәсібі үшін маңызды ресурс болып табылады. Бұл бөлімде өнімді алу, сақтау, өңдеу және тұтынушыға жеткізу тізбегі қарастырылады.

Қаржылық есепте бейнеленуі (биологиялық активтер есебі)

Қаржылық есепте мал шаруашылығы және өнім беретін малдар 2524 «Биологиялық активтер» шотында есепке алынады. Ал олардан алынған өнімдер (мысалы, ет, сүт, тері) 1320 «Дайын өнім» активті шотында көрсетіледі.

Маңызды ескерту

Өнім беретін малдарды кіріске алған кезде 6270 «Биологиялық активтердің құнын өзгертуден түскен кірістер» шоты қолданылады.