Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту
Іс-шараның мазмұны
Тақырыбы
Биыл күзде мектепке, біріншіге барамыз!
Мақсаты
- Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, қорытындылау.
- Білгендерін ортаға салып, өз ойларын жүйелі жеткізуге үйрету.
- Тапсырмаларды өз бетімен орындауға, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Суретті плакаттар, қанатты сөздер, шарлар, дидактикалық материалдар.
Жүрісі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бүгін біз жыл бойы тәрбиелеп келген бүлдіршіндерімізді бірінші сыныпқа шығарып саламыз. Бір жасқа есейген балаларымыз биыл күзде мектеп табалдырығын аттайды. Бұл — үлкен қуаныш, үлкен мереке.
«Биыл күзде мектепке, біріншіге барамыз!» тақырыбындағы ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын. Балалар жыл бойы алған білімдерін ортаға салып, өздерінің білімді, алғыр, өнерлі екенін көрсетеді. Ендеше, бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!
Ескерту
Балалар «Ботақан» және «Құлыншақ» топтарына бөлініп отырады.
«Ботақан» тобы
Алима
Армысыздар, қымбатты мұғалімдер!
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән бүгін шырқалар.
«Құлыншақ» тобы
Дильназ
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған —
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
Тапсырмалар бөлімі
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырма беремін. Оларды мұқият орындауға тырысайық, жарай ма?
Балалар
Жарайды!
І тапсырма — Орыс тілі (тақпақ)
Ақтоты
Мой веселый звонкий мяч,
Ты куда пустился вскач?
Желтый, красный, голубой —
Не угнаться за тобой.
Нұрислам
Идет коза рогатая,
Идет коза бодатая.
Ножками топ-топ,
Глазками хлоп-хлоп.
Өнер бөлімі — Би
Тәрбиеші:
Қызықтырып өнерге жетелеймін баланы.
Ұлттық өнер емес пе — дамытатын сананы.
Әнші, биші баланы адам етіп бағалы,
Өнерпаз қып баулысам — өнер отын жағады.
Көңілді мереке биі
Орындаушылар: Айбек – Ақтоты, Ерқанат – Гүлназ, Арнұр – Алима
ІІ тапсырма — Математика
а) Санамақ
- Жасұлан — киім-кешек туралы.
- Сағадат — үй жануарлары туралы.
ә) Ойын: «Күн шуағы»
Балалар, мынау қандай пішін? Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын мен қойған сұрақтарға жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Ата-анамызға және ұстаздарымызға сендердің зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді көрсетейік.
- 1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? (4)
- 2. Бір аптада неше күн бар? (7)
- 3. Машинаның дөңгелектері нешеу? (4)
- 4. Қазір қай мезгіл? (көктем)
- 5. Бағдаршамда неше көз бар? (3)
- 6. 8 наурыз кімдердің мерекесі? (аналарымыздың)
Вальс
Орындайтындар: тәрбиеленушілер тобы.
ІІІ тапсырма — Құрастыру
Бірнеше бөлікке бөлінген суретті құрастыру арқылы тауып, атын айтып, қысқаша сипаттама беру.
Көрініс: «Қызыл Телпек» ертегісінен
- Қызыл Телпек — Қуанғали Мәдина
- Қасқыр — Атажанов Ерқанат
- Әже — Жолжанова Дильназ
- Анасы — Абат Сағыныш
- Аңшы — Мүбарак Дәулет
IV тапсырма — Тақпақтар
Жангелді
Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Айбек
Өзіңді үлгі тұтамын,
Айтқаныңнан шықпаймын.
Мақтанбаймын мен текке,
Мен балапан құстаймын.
Дайын дәптер, қаламым —
Мынау есеп кітабым.
Мынау әйбат әліппем,
Бәрін жинап сақтадым.
Баулыдың сен, мұғалім,
Білімге жол аттадым.