Сергіту уақыты
Имандылық – инабаттылық мұраты
Бұл тәрбиелік шараның мақсаты — оқушыларды салт-дәстүрді білуге, имандылыққа, бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатуға, адалдыққа, мейірімділікке және инабаттылыққа баулу.
Ұйымдастыру
- Шараға 4 сыныптан әрқайсысынан 5 оқушыдан қатыстыруға болады.
- Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1-сынып тапсырмасы
Кіріспе: бейнесөзді шешу
Шешуі: ИСЛАМ
«Ислам» туралы қысқаша түсінік
1-оқушы
«Ислам» сөзінің араб тіліндегі мағынасы тілдік тұрғыдан мойынсұну, бағыну, амандықта және бейбітшілікте болу дегенді білдіреді. Бұл ұғым сенім-наным мен ар-ұждан мәселелерін қамтып қана қоймай, амандықты, татулықты, тұтастай бейбіт өмір сүру салтын да меңзейді.
2-оқушы
Ислам — Жаратушы тарапынан жіберілген ең соңғы дін. Бұдан кейін басқа дін келмейді. Өйткені Ислам ақырзаманға дейін өз үкімін жоғалтпайтын, кез келген уақыт пен мекенге жарамды дін болып табылады. Бұл дінді адамдарға жеткізіп, баяндаған Мұхаммед — ең соңғы Пайғамбар.
3-оқушы
Ислам қоғамның салауатты өмір сүруіне қол жеткізуі және осы жағдайды үнемі сақтауы үшін жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыю қағидатын ұсынады. Ислам — VII ғасырда Араб түбегінде пайда болған әлемдік діндердің ең жасы. Соған қарамастан, бүгінде әлемде шамамен 1,5 млрд адам Ислам дінін ұстанады. Қазақстан халқының шамамен 70%-ы — мұсылмандар. Исламның негізін салушы — меккелік Мұхаммед. Қасиетті кітабы — Құран Кәрім, сондай-ақ Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) хадистері.
4-оқушы
Ислам бір Аллаға иман келтірген барлық адамдарды бір-біріне бауыр деп жариялайды. Ислам діні — Алла тағаланың Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) арқылы жіберген, адамзатты тек жақсылыққа және адамгершілікке шақыратын діндердің бірі.
5-оқушы
Ислам діні адам баласын бірлікке шақырып, бауырластықты насихаттайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды олардың жаратылысы мен психологиясына сай түрде реттеуге бағыт береді.
Сергіту сәті
Жұмбақ
Шешуі: ағаш, күн, ай, тау, түннің батуы мен таңның атуы, өзендер, жануарлар, адамдар — жалпы табиғаттағы барлық нәрсені Алла Тағала жаратты.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
3-сынып тапсырмасы
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас. Көп кітап келді Алладан, оның төрті, Алланы танытуға сөз айырмас. Әмәнту оқымаған кісі бар ма? Уә күтубиһи дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлық берді ол сіздерге сөзді ұғарға.
Мәлімет
- Өңір
- Атырау облысы
- Қала
- Атырау қаласы
- Мектеп
- №12 Ф. Досымова атындағы орта мектеп
- Лауазымы
- Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі
- Автор
- Даулетова Айгуль Кенесовна