Жүректің құрылысы
Мақсаты мен күтілетін нәтиже
Мақсаты
Адам ағзасының ішкі ортасына «сырттай саяхат» ұйымдастыру арқылы қан айналымның негізгі мүшесі — жүрекпен таныстыру. Жүректің құрылысын түсіндіріп, оның ерекшеліктерінің маңызын ашу және оқушының логикалық ойлауын дамыту.
Күтілетін нәтиже
- Қан айналым мүшелерімен танысады.
- Жүрек құрылысының ерекшеліктерін түсініп, олардың мәнін талдайды.
- Топта өз міндетін жауапкершілікпен атқаруды меңгереді.
- Өздігінен білім алуға дағдыланады.
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу және рөлдер
Оқушылар екі топқа сурет қиындыларын құрастыру арқылы бөлінеді. Әр топ мүшелері өз қызметтерін бөліседі: топ басшысы, уақыт белгілеуші, хатшы.
Сабақ ұраны
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Қызығушылықты ояту
Пәнаралық тапсырмалар (6 ұяшық)
Екі топ кезекпен ұяшық таңдап, жауап арқылы ұпай жинайды. Сұрақтар әр пәннің контексінде беріледі.
Химия
Қанның құрамында қандай элементтер бар?
Алгебра
I және II топқа жататын адамдардың үлесі қанша пайыз? 40%
Ботаника
Жүрек-қантамыр жүйесіне пайдалы өсімдік: жүрек жапырақты ерегеш.
Тарих
Адамда 4 қан тобы бар екенін анықтаған ғалым: К. Ландштейнер (1930).
География
ЖИТС қоздырғышы алғаш анықталған елдер: алдымен Францияда, кейін АҚШ-та.
Физика
Су жасуша мембранасы арқылы қанға қалай өтеді? Эритроцит сыртынан жартылай өткізгіш, иілгіш мембранамен қапталған; мембрана арқылы газдар, су, аниондар, сутек иондары және глюкоза салыстырмалы түрде оңай өтеді.
Терминдерге анықтама
Келесі ұғымдардың мағынасын анықтап, мысалмен түсіндіріңіз:
- Гомеостаз
- Донор
- Реципиент
- Гемоглобин
- Фагоциттер
- Агглютинация
Жаңа сабаққа кіріспе
Жұмбақ 1
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды.
Жауабы: Жүрек
Жұмбақ 2
Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
Жауабы: Қан тамырлары
Жүрек туралы не білеміз?
«Омыртқалы жануарлар» тақырыбы бойынша өткенді еске түсіріп, оқушылар интернет көздерінен қажетті ақпарат жинап, сыныпқа таныстырады.
Деректер мен бақылаулар
Жүрек массасының үлесі
- Жаңа туған нәрестеде жүрек дене салмағының шамамен 0,8%-ын құрайды.
- Ересек адамда бұл көрсеткіш шамамен 0,4%.
Жасқа байланысты жүрек соғу жиілігі (минутына)
| Жас | Жиілік |
|---|---|
| 1-күні | 140 |
| 2–3 күн | 110 |
| 1–4 апта | 140 |
| 2–3 ай | 127 |
| 10 ай | 125 |
| 1 жас | 120 |
| 2 жас | 115 |
| 4 жас | 105 |
| 5 жас | 100 |
| 7 жас | 85 |
| 10 жас | 78 |
| Ересек | 72 |
Ескерту: Көрсеткіштер оқу-әдістемелік мақсатта берілген, жеке физиологиялық ерекшеліктерге қарай өзгеруі мүмкін.
Жасөспірімдік кезеңдегі жүрек түрлері
Митральды пішінді
Жүректің сол жақ шегінің тегістеле көрінуімен сипатталады.
Кіші (тамшылы) жүрек
Кеуде қуысының ортасына жақын орналасады, тамырларда ілініп тұрғандай әсер береді. Систолалық көлем салыстырмалы түрде аз, жүрек соғысы жиі, қан қысымы төмен болуы мүмкін. Функционалдық систолалық шу тән.
Гипертрофиялық жүрек
Сол жақ қарынша кеңейіп, минуттық көлем артуы мүмкін. Жүрек соғу жиілігі төмендеуі ықтимал, қан қысымы жоғарылауы мүмкін.
Қорытындылау: «Білгір болсаң, шешіп көр»
Есеп 1
Қалыпты жағдайда жүрек 1 минутта орта есеппен 5 л қанды айдайды. Онда 1 сағатта және 1 тәулікте қанша қан айдайды?
Жауабы: тәулігіне шамамен 7200 л.
Есеп 2
1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Онда тәулігіне қанша рет өтеді?
Жауабы: 2880 рет.
Үй тапсырмасы
Тақырыптарды қайталау
- Жүректің құрылысы
- Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі
- Жүрек қақпақшалары
- Жүрек жұмысының кезеңдері
- Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар
- Веналық қақпақшалар
№11 зертханалық жұмыс
Саусақты қатты қысып байлаған кезде веналық қақпақшалар жабылады. Қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналымы уақытша баяулап, тоқтауға жақындайды. Осы құбылыстың себебін түсіндіріңіз.
Қосымша материалдар: толық нұсқасын және слайдтарды оқу платформасынан жүктеп алыңыз.