Сөздің құдіреті
Сөздің құдіреті
Көшеде көзі көрмейтін бір соқыр қария қайыр сұрап отырды. Оның алдындағы қорапшада бірнеше тиын-тебен ғана жатты. Күннің аптап ыстығы оның сидиған ұзын аяқтарын әбден күйдіріп жібергендей еді.
Сол сәтте оның қасына сүйкімді жас келіншек келіп, сәл аялдады да, қарияның алдындағы тақтайшаға бір нәрселер жазып кетті. Қария тек басын изеді, бірақ тіл қатпады.
Біраз уақыттан соң әлгі келіншек қайта айналып келе жатты. Қарт оның жақындағанын аяқ тықырының жеңіл әрі жылдам дыбысынан-ақ аңғарды. Осы кезде қарияның қорапшасында әжептәуір көп тиын жиналып қалып еді.
Бір ауыз сұрақ
– Айналайын, қызым, менің алдымдағы тақтайшадағы жазуды сен өзгерттің бе? – деп сұрады қария.
Келіншек жымиып: – Иә. Онда не жазылғанын білгіңіз келе ме? – деді.
– Иә, – деді қария.
– Онда тек шындық жазылған. Мен тек соған аздап түзету енгіздім, – деді келіншек.
Түзетілген сөйлем
«Дәл қазір айнала қандай әдемі. Бірақ мен сол әдемілікті ешқашан көре алмаймын».
Келіншек күлімсіреп, қорапшаға бірнеше жаңа тиын тастады да, үнсіз бұрылып кетіп қалды.