Бақташы ата
Ашық оқу қызметі: Үй жануарлары
Бұл оқу қызметінің негізгі мақсаты — балалардың үй жануарлары туралы білімін толықтыру, олардың пайдасы мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Үй жануарларының түрлерін бір-бірінен ажыратуға, мұқият тыңдап, айтылғанды түсінуге үйрету көзделеді. Сонымен қатар тақпақтар мен мақал-мәтелдер айту, сұрақ-жауап және жұмбақ шешу арқылы тіл байлығын дамыту, еңбекқорлыққа және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу қарастырылады.
Тәрбиелік міндет
Үй жануарларына қамқорлық жасауға баулу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер
Үй жануарларының суреттері, слайд материалдары.
Сабақтың басталуы: амандасу және “Шаттық шеңбері”
Мұғалім балаларға амандасудың әдептілік пен адамгершіліктің белгісі екенін түсіндіреді және қонақтармен сәлемдесуді ұсынады:
Өлең жолдары:
Білер қазақ баласы — Сәлем сөздің анасы. Көп танысты көреміз, Алдымыздан кезіккен. Бәріне де ізетпен Иіліп сәлем береміз.
Маусым туралы сұрақтар және қысқы өзгерістер
- Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
- Сұрақ: Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Сұрақ: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Ойын: “Қар жинау”. Мұғалім балаларды белсенді қатысуға ынталандырып, жауаптарын мадақтайды.
Үй жануарлары және төрт түлік
Мұғалім жануарлардың дыбыстарын тыңдатып, олардың үй жануарлары екенін анықтайды: сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі. Балалардың сөздік қорын байыту үшін ата-әжелердің еркелету сөздері еске түсіріледі:
Төрт түлік және төл атаулары
Түйе — төлі бoта
Сиыр — төлі бұзау
Қой — төлі қозы
Ешкі — төлі лақ
Жылқы — төлі құлын
Халқымыздың байлығы мен берекесі — осы төрт түлік. Олар адамға мол пайда береді: сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен киім-кешек жасаймыз. Сиыр мен қойдың сүтінен май, құрт, айран, ірімшік өндіріледі. Ал адамдар жануарларға қамқорлық көрсетеді: бағады, шөп, жем, су береді, сауады, күтім жасайды. Үй жануарлары өздігінен толық күн көре алмайды, сондықтан оларға жауапкершілікпен қарау маңызды.
Жұмбақтар және дыбыстар
Жұмбақ:
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: Қой
Жұмбақ:
Екі айнасы бар, екі найзасы бар, төрт жылтырмағы бар, бір шыпыртқысы бар.
Жауабы: Сиыр
Жұмбақ:
Екеуі елеңдеп келеді, төртеуі төбелесіп келеді.
Жауабы: Жылқы
Көрсету: слайд арқылы жануарларды таныстыру және дыбыстарын тыңдату.
“Ғажайып сәт”: Бақташы атаның келуі
Сабаққа Бақташы ата келеді. Ол жоғалған төлдерін іздеп жүргенін айтып, балалардан көмек сұрайды. Мұғалім қонақты төрге шығарып, сабақтың тақырыбы үй жануарлары туралы екенін түсіндіреді.
Ойын 1
“Жануарлардың төлдерін тап” (1-топ)
Ойын 2
“Кім жылдам?” (2-топ)
Сергіту сәті
Тіктеп титтей құлағың, Ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын, Ойнақтайды ботақан. Көкке қарай мұрынын, Шүйіреді бұзауқан.
Тақпақтар және шығармашылық жұмыс
Жансая:
Ақ бұзауым ұнайды, Мө-мө деп сүт сұрайды. Келеді өсіп күн сайын, Тұмсығын созып қарайды. Тілімен мұрнын жалайды.
Алина:
Кіп-кішкене момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам “қозым” деп, Қошақаным “өзім” деп.
Шығармашылық тапсырма: балалармен бірге қозының суретін жапсыру (аппликация/коллаж жұмысы).
Ойын: “Дауысын айнытпай сал”
Төрт түліктің дыбыстары тыңдатылады, балалар қай жануардың даусы екенін табады.
Төлдің табылуы және сыйлық
Балалардың бірі сүйінші сұрап, қозының табылғанын хабарлайды. Бақташы ата алғысын айтып, балаларға қозыны ұстап, сипап көруге мүмкіндік береді.
Балалардың сипаттауы: сүйкімді, әдемі, кішкентай.
Қоштасарда Бақташы ата ауылдан әжелер жіберген тәтті-дәмнен ауыз тигізіп, балаларға ақ тілегін айтады.
Қорытынды сұрақтар және жануарлардың дыбысталуы
Бекіту сұрақтары
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
- Жылқы қандай өнім береді?
- Сиыр бізге қандай өнімдер береді?
- Малдың дыбыстауын қалай атайды?
Дыбыстау атаулары
Сабақ соңында балалар қонақтармен қоштасып, әдептілікке баулитын қысқа өлең жолдарын айтады:
Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгінгі келген қонаққа “Сау болыңыз” деп айтамыз.