Сызықтық алгоритмдерді программалау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы

«Қызыл таң» жалпы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі: Әсілбек Әмірхан Сахыұлы

Сабақтың тақырыбы

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты

  • Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программалар құру.
  • Синтаксистік және семантикалық ережелерді сақтап, операторларды дұрыс жазу және дұрыс қолдану.
  • Өздігінен жұмыс істеп, пікірін айта білуге үйрету.

Оқушылар білуі тиіс

  • Қарапайым операторлар, олардың қызметтері.
  • Операторларды қолдану ережелері.

Оқушылар меңгеруі тиіс

  • Сызықтық программа құру барысында қарапайым операторларды орынды қолдану.

Көрнекіліктер

ДК Проектор Экран Презентация Флипчарт Маркер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут
  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Оқушылардың ықыласын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды екі топқа бөлу: 1 — INPUT, 2 — OUTPUT.
  • Үй тапсырмасын сұрау.
  • Жаңа сабақ өту.
  • Сабақты бекіту.
  • Сабақты қорытындылау.
  • Үй тапсырмасын беру.

II. Үй тапсырмасын тексеру және пысықтау

7 минут

Оқушылардың операторларды жатқа білуі тексеріледі. Екі топ бір-біріне сұрақ қояды, ал топ басшылары бағалап отырады.

1-топ: INPUT

Айнымалыларды сипаттайтын программаның бөлігі
Var
Программа қандай қызметші сөзден басталады?
Program
Қай қызметші сөзден кейін нүкте қойылады?
End.
Меншіктеу операторының белгісі
:=
Бүтін типтің қызметші сөзі
Integer

2-топ: OUTPUT

Енгізу операторының жазылуы
Read, ReadLn
Шығару операторының жазылуы
Write, WriteLn
функциясының Pascal тілінде жазылуы
Sqr(x)
3|x| өрнегінің Pascal тілінде жазылуы
3*Abs(x)
√(2x) өрнегінің Pascal тілінде жазылуы
Sqrt(2*x)

III. Жаңа сабақ

12 минут

Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпқа қатысты көрсетілім беріледі. Оқушыларға функцияның мәнін есептейтін сызықтық программаны құру тапсырмасы ұсынылады: әр оқушы өздігінен жұмыс істеп, жұпта ой бөліседі, топта талқылайды; кейін программаны флипчартқа түсіріп, топтар жұмыстарымен алмасып, қателерін түзетеді. Баяндамашылар өз жұмыстарын қорғайды.

1-топ флипчарты

Program esep1;
Uses crt;
Var x, y, z: real;
Begin
  Read(x, y);
  z := Sqr(Sin(x + y)) + Sqr(x) + Sqr(y);
  Write('z=', z);
End.

2-топ флипчарты

Program esep2;
Uses crt;
Var x, y, z: real;
Begin
  Read(x, y);
  z := (Sqr(x) * x) + Sqr(y) + y * Sin(x);
  Write('z=', z);
End.

Бағалау: топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

IV. Сабақты бекіту

10 минут

Тапсырма

Көрсетілген блок-схема бойынша табаны B, биіктігі H болатын үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм мен программаны құрыңыз.

Формула

S = (B * H) / 2

Алгоритм (қысқаша)

  1. B және H мәндерін енгізу.
  2. S мәнін S = (B * H) / 2 формуласы бойынша есептеу.
  3. S мәнін экранға шығару.

Pascal программасы

Program esep3;
Uses crt;
Var B, H, S: real;
Begin
  Read(B, H);
  S := (B * H) / 2;
  Write('S=', S);
End.

V. Сабақты қорытындылау

3 минут

Бүгінгі сабақта меңгергеніміз:

  • Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программа құру.
  • Компьютерде программаны теріп, есептерді шығару.
  • Оқушылардың жұмысын бағалау.

VI. Үйге тапсырма

  • Операторларды қайталау.
  • Сызықтық алгоритмдерді программалау тақырыбын пысықтау.