Қасиеттер жиыны ойыны

Жас мамандарға арналған тренинг сабақ

Бұл тренинг жас мамандардың педагогикалық шеберлігін дамытуға, кәсіптік әлеуетін бағалап, нығайтуға және эмоциялық жағдайды дұрыс басқаруға бағытталған.

Мақсаты

  • Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті орынды қолдануын дамыту.
  • Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқап, жетілдіруге мүмкіндік жасау.
  • Кәсіптік-педагогикалық ерекшеліктер мен эмоциялық күйді тиімді басқаруға жаттықтыру.

Қажетті материалдар

  • Кестелер
  • Үлестірмелі қағаздар
  • Доп

Өткізілу әдістері

  • Тренинг форматы
  • Қызықты сұрақтар
  • Жаттығулар

Бүгінгі күнімізді жағымды көңіл күймен бастайық! Бұл бөлім ұстаздарға арналған психологиялық ойындар арқылы өзара жақындасуға көмектеседі.

I. Сәлемдесу: «Танысу шеңбері»

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімізді қаншалықты жақсы білетінімізді тексереміз.

Әр қатысушы алдында отырған адамның бір ұнайтын және бір ұнамайтын қасиетін айтады.

Мысал: «Сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды».

II. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны

Қажетті құрал

Доп

Уақыты

10–15 минут

Нәтиже

Ой сергітіп, сөздік қор мен зейінді белсендіреді.

Барысы

  1. Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады.
  2. Жүргізуші допты алып, ортада тұрады.
  3. Жүргізуші кез келген қатысушыға допты лақтырып, бір әріпті айтады.
  4. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті атайды.

Мысал: Жүргізуші: «Ә» әрпі. Ойыншы: «Әдемі».

Қосымша сұрақ: «Суреттен нені байқадыңыз?»

Суретке қарап, көп ойланбай бірден қандай бейнені байқағаныңызды айтыңыз. Таңдауыңыз мінез ерекшеліктерін қысқаша сипаттауға көмектеседі.

Ай

Суреттен бірден жаңа туған айды байқаған адамды аса мұқият деуге келмейді. Сіз қызуқанды болуыңыз мүмкін және ойыңызды бірден айтып қоясыз. Көбіне мәселенің көзге көрінетін жағын ғана байқап, тереңдей зерттемейсіз — бұл асығыстықпен байланысты болуы ықтимал.

Ұсыныс: алдағы уақытта асықпай, мәселенің мән-жайын толық түсініп алып барып шешім қабылдауға дағдыланыңыз.

Ақ түсті келбет

Айдың орнына адамның ақ түсті жүзін байқаған жанның қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті істерге креативті қарап, әр күніңізді өзгеше өткізуге тырысасыз.

Дегенмен бірсарынды, шаршататын жұмыстардан қашқақтауыңыз мүмкін.

Қара түсті келбет

Бұл бейнені бірден байқайтындар көп емес. Егер сіз суреттен қара түсті жүзді бірінші болып аңғарсаңыз, назар қоюыңыз жоғары деген сөз. Сіз ұсақ-түйек детальдарға дейін байқап, шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды алдыңғы орынға қоятын жан болуыңыз мүмкін.

III. Ой сергіту: үлестірмелермен жұмыс

Қажетті құралдар

  • Сурет бейнеленген үлестірмелер
  • Тақырыпқа сай сұрақтар жазылған үлестірмелер

Барысы

  1. Барлық мұғалімдер 2 топқа бөлінеді.
  2. Әр топқа алдын ала дайындалған үлестірмелер таратылады (басқару әдісін көрсететін сурет және сұрақтар).
  3. Әр топ суретке сүйеніп, сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі.

Дайындыққа: 5 минут

Әр топтың сөйлеуіне: 5 минут

IV. Топтық ойын: «Құпия сөздер»

Қажетті құрал

Ақ қағаз

Барысы

  1. Қатысушылар 3 топқа бірігеді.
  2. Әр топ көп сандар жазылған қағаз алады: әр санның артында жасырын сөз бар.
  3. Берілген әліпбиге сүйене отырып, жасырын сөздерді табады.
  4. Соңында сөздерден толық мағыналы сөйлем құрастырады.
  5. Тапсырма мүмкіндігінше жылдам орындалуы керек; орындалу уақыты тіркеледі.

Сөйлем үлгілері:

  • «Не үшін өмір сүру керектігін білген адам кез келген жағдайға төтеп бере алады.»
  • «Бақыт — уайым-қайғысыз өмір емес; бақыт — жанның күйі.»

Қорытынды ойын: «Жарнама агенттігі»

Мақсаты

Ойын арқылы өзара әрекеттесуді күшейтіп, мұғалімдер ұжымын нығайту.

Міндеттері

  • Ойын тәжірибесін талдауға үйрету.
  • Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
  • Өз әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға баулу.