Жеті ата
Отбасы сыйластығы
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда әжем, атам, әкем, шешем, ағам, інім және сіңлім бар.
Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста, олар зейнеткерлер. Әкесі суретші, ал шешесі дәрігер болып жұмыс істейді.
Ағасы сегізінші сыныпта оқиды. Сіңлісі алты жаста, оның аты — Қарлығаш. Ол балабақшаға барады және сурет салғанды жақсы көреді.
Інісі кітап оқығанды жақсы көреді. Сәуле бесінші сыныпта оқиды, сабағы жақсы.
Үйдің жанында бау-бақша бар. Бақшада жеміс ағаштары көп.
I деңгей
- 1 Мәтінді оқы.
- 2 Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: сіңлі қарындас қонақ дәстүр құрметті зейнеткер жеміс
II деңгей
1) Диалогті толықтыр
— Бұл отбасы қандай?
— …
— Отбасында кімдер бар?
— …
— Кімдер құрметті демалыста?
— …
— Сәуленің әке-шешесі қайда жұмыс істейді?
— …
— Ағасы мен інісі нешінші сыныпта оқиды?
— …
— Сіңлісі неше жаста, аты кім?
— …
— Інісі не істегенді жақсы көреді?
— …
— Сәуле нешінші сыныпта оқиды?
— …
— Бақшада нелер өседі?
— …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
- Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста.
- Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді.
- Інісі кітап оқығанды жақсы көреді.
- Сәуле бесінші сыныпта оқиды.
- Сабағы жақсы.
III деңгей
- 1 Мәтіннің мазмұнын айт.
- 2 Өз отбасың туралы эссе жаз.
Қазақ отбасы және «Жеті ата»
Тарих, шежіре және туыстық ұғымы
Өткен өмірдің бәрі — сабақ. Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды.
Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген, үйреткен және жаттатқан.
Бұрын адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұраған. Бұл дәстүр қазір де сақталған.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген даналық осыған дәлел.
Әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің атын білуі керек.
Жеті ата
Жеті ата — бір кісіден тараған аталас қауым.
- әке
- бала
- немере
- шөбере
- шөпшек
- немене
- туажат
I деңгей
- 1 Мәтінді оқы.
- 2 Берілген сөздермен сөйлем құрастыр: қасиетті парыз ұрпақ жеті ата нағашы немере шөбере отбасы
II деңгей
1) Диалогті толықтыр
— Мәтінде не туралы айтылған?
— …
— Ұрпақ үшін не маңызды?
— …
— Халқымыз кейінгі ұрпаққа нені міндеттеген?
— …
— Қандай даналық сөз бар?
— …
— Әр адам нені білуі керек?
— …
— Адамдар бір-бірімен танысқанда нені сұраған?
— …
— Жеті ата қалай таралады?
— …
— Жеті ата деген не?
— …
— Олар кімдер?
— …
2) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
- Өткен өмірдің бәрі — сабақ.
- Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды.
- Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады.
III деңгей
- 1 Мәтіннің мазмұнын айт.
- 2 Жеті атаңды жазып бер.
Отбасындағы дәстүрлер
Тату отбасы — берекелі орта
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп.
Негізгі дәстүрлеріміз: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу.
Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастархан жаюға көмектесеміз, келген қонақты қарсы аламыз. Мерекені көңілді өткіземіз, ал үлкендер бата береді.
Мұғалім туралы
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі — Сыздықова Сәуле Серікқызы.