Аунап қалам

Мұқағали Мақатаев

Бір күніммен қоштастым
Тағы, міне, қоштастым бір күніммен,
Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.
Тоқтатып кер толассыз қозғалысты,
Түссең - дағы тәңірдің кіндігінен.
Айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,
Алға аттады күнім де ардақтаған.
Мынау жарық әлеммен бірге айналып,
Заулап барам, бір күні аунап қалам.
Аунап қалам...
Білемін, білемін мен!
Ажыраймын жармасқан тірегімнен.
Құлай білем,
Себебі, жүре білгем,
Құсым ұшса болғаны жүрегімнен.
Бір құсым бар кеудемде - зынданымда,
Бірге туған менімен, туғанымда.
Байғұсыма бостандық берсем болды,
Аунап кетпей әзірге тұрғанымда.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Мұқағали Мақатаев туралы
Асан қайғының айтқандары
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Жарасқан Әбдірашевтің ақындық мұрасы
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер. Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау
Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы
Қазанда хан
Қаламгерлік көсемсөзі
О. Жандосов -қайраткер, қаламгер
Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық
азiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес
Жуырда менің қаламда мереке
Журналист - қаламгер С. Жанысбай облыстық Орталық Қазақстан газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді
Менің қалам Мен Ақтөбе қаласында тұрамын
Көңілінен шыққанға көмектесіп, көңілі қаламағанға көмектеспепті
Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылыМҚКК Айгөлек балабақшасының тәрбиешісі:Смагулова Назия ЗайкеновнаБала бақшаға арналған сергіту сәттеріҚылқаламды қояйық, Орнымыздан тұрайық
Бірінші элементі - жазу жолының ортасынан қаламыңды қой