Топ басшылары сайысы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Қазақ тілі
Сынып
5-сынып
Тақырып
«Мен және менің досым», V модуль
Сабақтың түрі
Білімді жүйелеу және жинақтау
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, ойын, топтық жарыс

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

  • Модуль бойынша алған білімдерін бақылау.
  • Қисынды ойлау дағдыларын дамыту; теориялық білімді іс жүзінде қолдану икемі мен дағдысын жетілдіру.
  • Достыққа, татулыққа тәрбиелеу; қазақ тіліне қызығушылықты арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық: оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, өлең жолдары арқылы бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн, құрбым!
Сенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!

II. Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы: «Достық» тақырыбына мақал-мәтелдер жаттау.

Тексеру тәсілі: «Орамал тастау» ұлттық ойыны арқылы бір оқушы мақалдың басын бастап, екіншісі жалғастырады.

III. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және міндеттері таныстырылады. Сабақ жарыс түрінде өтеді: сынып екі топқа бөлініп, өз білімдерін сынайды.

Топтар

Достық Сәттілік

Топ атаулары анықталған соң, әр топтан топ басшылары сайланады.

1) «Мақал – сөздің көркі»

«Достық» тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер жарысы. Кеспе қағаздарда жазылған мақалдардың жалғасын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Адам досымен …
Жолдасы көптің — …
Татулық — …
Досы жоқ адам — …

2) «Сөздер тізбегі»

Ойын шарты: алдыңғы сөздің соңғы дыбысына сәйкес келетін жаңа сөз айту. Мысалы: сабақ → қасқыр … Әр сөзге 1 ұпай.

  • «Достық» тобына бастапқы сөз: Адам
  • «Сәттілік» тобына бастапқы сөз: Дос

3) «Аудармашы» жарысы

Орыс тілінде жазылған сөздері бар кеспелер беріледі. Әр топта оқушылар бір сөзден аударып, келесі оқушыға тапсырады. Тапсырманы тез әрі дұрыс орындаған топ жеңеді. Әр дұрыс аудармаға 1 ұпай.

Достық

  1. Моя подруга
  2. Добрый
  3. Рост
  4. Младший
  5. Рост
  6. Хобби
  7. Красивый

Сәттілік

  1. Мой друг
  2. Волосы
  3. Характер
  4. Глаз
  5. Заболтивый
  6. Высокий
  7. Советоваться

Ескерту: бұл кезең модуль бойынша өткен сөздік қорды тексеруге бағытталған.

4) «Кімнің күні жарқырайды?»

Топ басшылары сайысы: әр топтың басшысы шығып, өзінің досына сипаттама береді. Әр дұрыс құрылған сөйлем үшін тақтада «күн» және оның «шуақтары» жасалады. Әр шуаққа 1 ұпай беріледі.

Жеңімпаз: күншуақтары мен ұпайы көп қатысушы.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биінің элементтері бойынша қысқа жаттығу орындалады.

5) Грамматика: көптік жалғау

Тапсырма: тақтаға көптік жалғаудың түрлерін дұрыс әрі жылдам жазу.

-лар / -лер -дар / -дер -тар / -тер

IV. Бекіту: «Фоторобот» жағдаяттық ойыны

Мақсаты: досын суреттеу арқылы меңгерілген сөздік қорды тексеру.

Шарты: әр топтан екі оқушы шығады. Біреуі полиция бөліміне келіп, жоғалған досы немесе туысын іздестіру туралы өтініш айтады; екіншісі сол сипаттама бойынша «фоторобот» жасайды.

Достық

Мен сіңлімді іздеймін. Ол 4-сыныпта оқиды. Бойы қысқа, шашы ұзын. Көзі қара. Киімі: ақ жейде, қара юбка, аяғында қара туфли.

Сәттілік

Мен досымды іздеп жүрмін. Ол 11 жаста, 5-сыныпта оқиды. Бойы ұзын, шашы қысқа. Киімі: үстінде көк күртеше, қара джинсы шалбар, аяғында ақ кроссовки.

VI. Қорытынды

Оқушылардың модуль бойынша білімдері жинақталып, жарыс нәтижелері бойынша қорытынды жасалады.

VII. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы сабақ соңында нақтылап беріледі (мұғалімнің жоспарына сәйкес).

VIII. Бағалау

Оқушылар ұпай санына және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.