Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді

Мерекелік көрініс

Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді.

Жүргізушінің құттықтауы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!

Қош келдіңіз, қонақтар, «Алтын күз» сән-кешіне! Отырыңыздар қол соғып, шат күлкіге бөлене.

Балалардың тақпақтары

1-бала

Алақай, алақай —
Шаттанды балақай!
Берекелі, салты күз —
Мерекелі Алтын күз!

2-бала

Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

Ән: «Біздің балабақшамыз»

Біздің балабақшамыз —
Қанша бала, қанша қыз.
Бір шоқ гүлміз баршамыз,
Ойын-күлкі ордасы —
Біздің балабақшамыз.

Гүлге толы қолымыз,
Біз өсеміз, толамыз.
Бәріміз де ертең-ақ
Үлкен жігіт боламыз.

Біз — ертеңгі батырмыз,
Біз — ертеңгі ақынбыз.
Бір анадан туғандай,
Біз бәріміз татумыз.

Күз туралы тақпақтар

1-бала

Жомарт көңіл, жарқын күз —
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, Алтын күз,
Құт қонағы төрімнің!

2-бала

Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.

3-бала

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Ойын: «Кім жылдам?»

Көңілді әуен ойналады, желдің гуілі естіледі.

Күз ханшайымының келуі

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен сендерге алыстан келдім.

Бұлттар төніп, жаңбыр төгіп,
Жапырақтар сарғаяды.
Аяғың тайып, сұрқың қашып,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде!

Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Мен — Күз ханшайымымын. Мен сендерге құр қол келген жоқпын: би мен ойын ала келдім. Кәне, жапырақтарым, маған қарай ұшыңдар!

Би: «Жапырақтар биі»

«Жапырақтар биі» — қыздардың орындауында.

Ойын: «Дәмінен таны»

Балалар жеміс-жидектің дәмін татып, қандай өнім екенін табады.

Тағы да тақпақтар

1-бала

Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала — бай дала,
Алтын астық айнала!

2-бала

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

3-бала

Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.

4-бала

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Ән: «Күз»

Жерде жаңбыр жалтырайды,
Жапырақтар қалтырайды.
Көкте ай да, күн де балқымайды,
Көлде аққу қалқымайды.

Жел тұрудан жалықпайды,
Күн жылытып жарытпайды.
Жапырақтар жерге қарай
Қалықтайды, қалықтайды.

Қорытынды

Жүргізуші: Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!