Сабақ нәтижесі
Сабақ тақырыбы
7-сынып физика сабағы: заттың тығыздығын есептеу.
Оқу мақсаты
7.2.2.15 — тығыздық формуласын есептер шығаруда қолдану.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар заттың тығыздығы ұғымымен танысады, тығыздықтың дененің массасына және көлеміне тәуелді физикалық шама екенін түсінеді, өлшем бірлігімен танысады.
Барлығы орындай алады
- Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Жазба жұмысын орындайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
Көбісі орындай алады
- Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
- Өз бетінше жұмыс жасайды.
- Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбіреуі орындай алады
- Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.
Бағалау критерийлері
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсат
Тығыздықты есептеу тақырыбына қатысты терминдер мен тіркестерді дұрыс қолдану.
Пәнаралық байланыс
Математика, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу
№3 зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау.
Сабақ барысы
Басталуы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
- Топтарға бөлу (қағаз қиындылары арқылы).
Психологиялық ахуал қалыптастыру
3 минут
- «Орныңды тап» ойыны.
- Оқушылар қолдарындағы шамаларды тақтаға орналастырады.
- Пәнге тән лексика мен терминдерді диалог және жазба жұмыста қолдануға арналған сөздер мен сөз тіркестерін ұсынады.
Жаңа білім
5 минут
Білу және түсіну
- «Шахмат» әдісі: шахмат тақтасының ақ ұяшығына өз ойларын жазады, кейін ой бөліседі.
- «Жариялау» әдісі: дененің көлемін өлшейтін құралдың бөлік құнын анықтау және түсіндіру.
Ортасы
13 минут
Қолдану
Үш топқа тапсырма беріледі:
- Көлемі белгісіз денемен жұмыс.
- Шақпақ қанттың массасын өлшеу.
- Лимонад, сүт және судың тығыздықтарын салыстыру.
Талдау
- «Ыстық орындық» әдісі: бір оқушы алдыңғы жақта отырады, қалғандары орындықтарды айнала орналастырып, сұрақ қояды.
Сергіту сәті
2 минут
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіту.
Аяқталуы
10 минут
Сабақты бекіту (синтез)
- «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі.
Рефлексия
Оқушылар стикер арқылы кері байланыс береді: не түсінді, қандай сұрақ қалды, келесі қадам қандай.