Ара мен шыбын
Сабақ тақырыбы: «Ара мен шыбын»
(Оспанхан Әубәкіров)
Мақсаты
- Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
- Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу; байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
- Этикалық талғамын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, талдау, іздену
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа даярлық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз бақытты баламыз,
Қайырлы күн!
Амандасып аламыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 1 А. Байтұрсынов туралы не білесің?
- 2 Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
- 3 Олар неге жүкті орнынан қозғалта алмады?
- 4 Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
- 5 «Бірлік», «ынтымақ» туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- 6 Үй тапсырмасын бағалау.
III. Мақсат қою кезеңі
- Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
- Жаңа сабаққа даярлық.
Жұмбақ шешу
Шақсам, удай тісім,
Оны, бала, түсін.
Көп жей берсең балды,
Ауырады тісің.
Жауабы: Ара
Қыста ұйықтап жатар,
Жазда думан ашар.
Жауабы: Шыбын
IV. Жаңа сабақ
Кіріспе: Автор туралы
Оспанхан Әубәкіров (1936–1986) — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиетіндегі әзіл-сықақ жанрының шебері, сатираның дамуына елеулі үлес қосқан талантты сатирик.
Сатирик — адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылмен жазатын жазушы.
Шығармалары:
- Қоңырау
- Бөдене
- Күлкіңіз келе ме?
- Жасыратын не бар?
- Сыйлық
- Ұзын сөздің қысқасы
- Өзіміз білеміз
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
«Не білесің?»: Ара және шыбын туралы мәлімет
Ара
Ара — жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене. Ұзындығы шамамен 1–1,5 см.
- Сары ала түсті, жауынгерлерге ұқсайды.
- Демтүтік арқылы тыныс алады.
- Ұясын шатырға, ағаш қуысына, бұтақтарға салады.
- Құйрығының ұшында өткір шаншар бізі болады; шаққан жері ісінеді.
Аралардың 22 мыңнан астам түрі белгілі. Олар аналық ара, еркек ара және жұмысшы ара болып үшке бөлінеді.
Шыбын
Шыбын — қосқанаттылар отрядына жататын жәндік. Жер шарында кең тараған. Мұртшалары қысқа, үш бунақты.
Шыбын көптеген жұқпалы ауруларды таратады: дизентерия, іш сүзегі, сондай-ақ ішек-қарынындағы құрттардың жұмыртқалары.
Алдын алу және тазалық:
- Ас-судың бетін жауып ұстау.
- Мал немесе құс ұсталса, қора-қопсыны таза ұстау.
Ескерту: Зиянкестерге қарсы химиялық құралдарды (мысалы, «Мухолов», «Дихлофос», «Нефос» т.б.) қолданғанда қауіпсіздік нұсқаулығын қатаң сақтаңыз.