Мұғалімнің кіріспе сөзі

Тақырып

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты

Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдері арқылы ақын шығармашылығы жайлы жан-жақты мәлімет беру; танымдық көзқарасын қалыптастыру; шығармашылық қабілетін шыңдау.

Тәрбиелік мәні

Жеке тұлғаны жан-жақты болуға тәрбиелеу; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін орнықтыру; оқушыларды шығармашылыққа және ізденімпаздыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Топқа бөлу
  • Баяндау
  • Әңгімелеу
  • Іздендіру

Көрнекілігі

  • Ақынның портреті
  • Шығармалар жинағы
  • Ақын туралы естеліктер
  • Буклет

Пәнаралық байланыс

Музыка Қазақ тілі Тарих

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу

Музыкалық кіріспе

Үнтаспадан Мұқағали Мақатаевтың «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» әні ойнатылады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Өмірбаянының негізгі деректері

Мұқағали Мақатаев 1931 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат айтылады. Құжат жүзінде туған күні 9 ақпан болып көрсетілген. Ал анасы Нағиман апаның айтуынша, Мұқағали 1931 жылғы 8 наурызда туған:

«Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз».

Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар бұл дерекке қатысты: құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда туғанын, ал куәлікті ақын ес жия бастаған кезде сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алғанын айтады.

Отбасы және есімі

Азан шақырып қойылған аты — Мұхаммедқали.

Әкесі қарапайым шаруа адам болған: колхозда сушы, шалғышы болып еңбек еткен. Мұқағали — үйдің тұңғышы. Одан кейін бір қыз және үш ұл дүниеге келген.

Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте қайтыс болған. Соңғы інілерінің есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш.

Балалық шағы және тағдыр белестері

Қазақ дәстүрі бойынша тұңғыш бала ата-әжесінің тәрбиесін көреді. Сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдағаны айтылады.

Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен, ол өмірдің ащы дәмін ерте татады. Ақынның: «Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?» деген жолдары осы сезімді айқын аңғартады.

Мұқағалидің әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза табады.

Бүгінгі сабақтың өзегі

Сабақтың тақырыбы

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты

«Қан тәңірінің мұзбалағы» атанған әйгілі ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы толық мәлімет алып, рухани тәрбие қалыптастыру; өз ойын дұрыс әрі анық жеткізу; шығармашылық қабілетті дамытуға талпыну.