Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша үйрету

Сабақ жоспары

Сымбат ЖМ бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы

Сауат ашу Жаңа білімді игеру Саяхат-ойын сабақ Сын тұрғысынан оқыту

Сабақтың тақырыбы: «А» дыбысы мен әрпі

Мақсаты

  • Оқушыларды «А/а» дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбысқа байланысты буындар мен сөздерді үйрету.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру; сөздегі әріп пен дыбыс санын ауызша анықтатуға үйрету.
  • Сөздік қорды байыту, тілдік дағдыларды дамыту; дыбыстан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін жетілдіру.
  • Сыпайылыққа, жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу; бір-бірінің ойын түсініп, тыңдай білуге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сауат ашу сабағымыз өзгеше өтеді. Себебі бүгін бізге қонаққа ата-аналарымыз бен әріптес апайлар келіп отыр. Қане, олармен амандасып алайық».

II. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, досым!

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз — кілең бестік болсын!

III. Ой қозғау: «Орманға саяхат»

Бүгін біз орманға саяхатқа аттанамыз. Орманды көз алдымызға елестетейік: онда қандай ағаштар, құстар, жануарлар болуы мүмкін?

Сюжеттік байланыс

Балалар түлкінің қулығын біледі: ол кейде басқа аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар ақылдасып, түлкінің үйіне апаратын жолды бөгеп қояды. Ендеше, біз түлкіге көмектесу үшін әр аңның тапсырмасын орындап, кедергіден өтеміз.

1-кедергі

Қасқыр

Тапсырма

«Қай зат артық?»

  • 1)

    Кітап, дәптер, қалам — оқу құралдары.

    Доп — ойын құралы (артық).

  • 2)

    Ұшақ, автобус, машина — көліктер.

    Көйлек — киім (артық).

  • 3)

    Төрт түлік — үй жануарлары.

    Жолбарыс — жабайы аң (артық).

  • 4)

    Ыдыс-аяқ — тұрмыстық заттар.

    Банан — жеміс (артық).

Сыйластық сөзі

«Жолың болсын!»

2-кедергі

Кірпі

Тапсырма

«Төрт түліктің төлін тап»

  • Қой — қозы

    Қосымша: буынға бөлу, сөйлем құрау.

  • Жылқы — құлыншақ

  • Сиыр — бұзау

    Қосымша: жылқының (және басқа түліктің) пайдасын айту.

  • Ешкі — лақ

  • Түйе — ботақан

Сыйластық сөзі

«Саған сәттілік тілеймін!»

3-кедергі

Аю

Тапсырма

«Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Жемістер

  • Алма
  • Банан
  • Құлпынай
  • Апельсин
  • Өрік

Көкөністер

  • Баклажан
  • Сәбіз
  • Қызылша
  • Қызанақ

Ортақ қасиеті

  • Дәруменге бай
  • Денсаулыққа пайдалы
  • Адам ағзасына пайдалы

Сыйластық сөзі

«Рахмет, сау бол!»

Жаңа сабақ: «А» әрпімен танысу

Байқау және қорытынды

Себеттегі жемістерді атаймыз: алма, алмұрт, алхоры. Осы сөздердің бәрі «А» дыбысынан басталады. Демек, бүгінгі алғашқы танысатын әрпіміз — «А».

Дыбыс пен әріп

  • Дыбысты айтамыз және естиміз.
  • Әріпті жазамыз және көреміз.

«А» дыбысының сөздегі орны

«А» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.

Басы

«А...»

Ортасы

«...а...»

Соңы

«...а»

Сергіту сәті

«Қара жорға» биін билеу.

Әріптің түрлері және жазылуы

«А» әрпінің баспа және жазба түрлері бар. Даярлық тобында баспа түрімен танысқанбыз, енді жазба түрін үйренеміз.

Жазу бағыты (мұғалімнің түсіндіруі)

  • Жоғарыдан төмен қарай оңға қарай иілген көлбеу сызық жүргіземіз.
  • Екінші көлбеуді солға қарай иіп түсіреміз.
  • Екі сызықты белінен қысқа сызықпен қосамыз — бұл бас әріп А.
  • Кіші әріп а — дөңгелекше және иілген көлбеу сызық арқылы жазылады.

Қолдану ережесі және жаттығу

Бас әріп «А» сөйлемнің басында, адам аттары мен қала атауларында жазылады. Кіші әріп «а» сөздің ортасында және соңында жазылады.

Жаттығулар

  • Ауада жазу
  • Санағыш таяқшаларымен құрастыру
  • Тақтаға жазу
  • Дәптермен жұмыс

Жазу мәдениеті

Жазу кезінде кеудені тік ұстап, дәптерді қиғаштап қойып, қаламды дұрыс ұстаймыз.

Бекіту жұмыстары

Сұрақ

«А» дыбысынан басталатын ұл-қыз аттары біздің сыныпта бар ма?

Сөздер

  • Асық
  • Балапан
  • Тырна

Ұйқасын тап

Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы — арыстан.

Ойын

«Сиқырлы қалпақ»: уақыт қалса, қалпақты киіп, «а» дыбысы сөздің басында, ортасында немесе соңында кездесетін сөздерді кезекпен айту.

Қорытынды: бағалау және ынталандыру

Түлкі үйіне жетіп, сіздерге алғыс айтады.

Оқушыларды мадақтау, бағалау жүргізіледі.

Шағын сыйлық

«Алма ағашынан алма теру» ойыны арқылы алма алып, балаларға тарату.

Сабаққа белсенді қатыстыңдар. Сау болыңдар!

Қосымша материалдар

  • Толық нұсқасын жүктеу
  • Слайдын жүктеу