Мақтаншақ - жаман әдет

Сабақтың мақсаты

  • А) Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.

  • Ә) «Ертедегі сүт ұйып қалыпты», «сүт іріп қапты», «айран ашыпты», «айран бақырыпты» т.б. сөз тіркестерін пайдалану арқылы оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

  • Б) Ұлттық тағам түрлерін атап, асты қадірлей білуге және дұрыс тамақтануға үйрету.

  • В) Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, өздігінен қорытынды жасай білуге төселдіру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

Сұрақ-жауап, әңгіме.

Көрнекілігі

О. Әубәкіровтің суреті, мақал, тыйым сөздер, «Ой толғаныс» тапсырмалары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге Ш. Смаханұлының «Тәкаппар» мысалын дұрыс түсініп, мәнерлеп оқып келу тапсырылған.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

  • Ш. Смаханұлы кім? Қандай шығармасымен таныстық?

  • Мысалдың басқа көркем шығармадан айырмашылығы неде?

  • Мысал неліктен «Тәкаппар» деп аталған?

Мысалды бөліктерге бөлу

  1. 1.

    Балықтың мақтануы.

  2. 2.

    Балықтың құрыққа тап болуы.

  3. 3.

    Өкініш.

Тапсырма: Балықтың өкініш білдіретін шумағын оқулықтан тауып оқыту.

Ой толғаныс

Не?
Балық.
Қандай?
Мақтаншақ, тәкаппар.
Нені?
Теңізін жамандады.
Не істеді?
Өкінді.

IV. Ойлы сөз

Мақтаншақтық — жаман әдет.

Мақтаншақтықпен қатар жаман әдеттердің бірі — ұйқышылдық екені айтылады. Сонымен бірге «Сүт қалай ұйықтады» ертегісінің өлең түрінде жазылғаны еске салынады.

V. Мақал мен әдеп ережесі

Мақал:

Ұйқы деген дұшпан бар,

Тұла бойды талдырар.

Жолдан, істен қалдырар.

Тыйым сөз / Әдеп

Біреуге қарап есінеп қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқалау — әдеп ережесі.

VI. Оқулықпен жұмыс

  • Мысалды мұғалім оқып береді.

  • Ертегі бойынша сүттің әрекетіне талдау жасалады.

  • Ертегімен байланысты мақал-мәтел мен ұғымдарды табу:

    сүзбе ірімшік құрт жерге төгілген құрт ұйқы — дұшпан

VII. Сабақты бекіту

Оқушылардың түсінгенін сұрақ-жауап арқылы нақтылау, негізгі ойды қорытындылау.

VIII. Үйге тапсырма

  1. 1.

    Ертегіні мәнерлеп оқып келу.

  2. 2.

    Сұрақтарға жауап беру.

  3. 3.

    Сүттен әзірленетін тағамдардың атауларын жазып келу.

IX. Оқушыларды бағалау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, жауаптарына қарай бағалау.