Туған жердің байлығы, жомарттығы

Сабақтың тақырыбы

Туған жер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ (дәстүрлі, жарыс, топтық).

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, халықтық педагогика.

Сабақтың мақсаты

  • Өлеңмен таныстыру арқылы ақынның туған жерге деген ыстық сезімін оқушымен бөлісу.
  • Өлеңді түсініп оқу, мәнерлеп оқу және ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
  • Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Көрнекіліктер

Қ. Аманжолов пен С. Торайғыровтың суреттері, карта, домбыра, кесте, қор, теңге, елтаңба, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Жылыту кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, топтарға бөліну, бағалау ережесін түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

Қайталау сұрақтары

  • Өткен сабақта қандай жаңа тарау/бөлімді бастадық?
  • Қазақстан Республикасы туралы не білеміз? (Еліміздің кең-байтақ екені, Отан ұғымы.)

Киелі сандар: 3 санына қатысты ұғымдар

Жігіттің үш жұрты

Нағашы жұрты, қайын жұрты, өз жұрты.

Үш арсыз

Ұйқы, күлкі, тамақ.

Үш асыл

Көз, тіл, көңіл.

Үш жүз

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш жақын

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

Үш дауасыз

Мінез, кәрілік, ажал.

Үш қуат

Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

Бағалау ойыны: «Туған жерге қосар үлесім» қоры

Әр оқушыға үш теңгеден беріледі (құны бір жылқымен бағаланатын теңге ретінде шартты белгі). Жауап «жақсы» немесе «өте жақсы» деп бағаланса, оқушы өз теңгесін қорға салады. Сабақ соңында қай топ көбірек үлес қосса, сол топқа ту табысталады.

Үй тапсырмасы

С. Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңін жатқа айту.

III. Жаңа сабақ

Өзі өскен еліне, туған жеріне, оның табиғатына жыр арнамаған ақын кемде-кем. Осы бағыттағы ақындардың бірі — Қасым Аманжолов. Мұғалім Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы ән» өлеңін орындап/оқып береді.

Бүгін Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңімен танысамыз. Өлең 1946 жылы жазылған.

IV. Қ. Аманжолов туралы қысқаша мәлімет

Туған жері

1911 жыл, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы.

Қайтыс болған жылы

1955 жыл, 17 қаңтар, Алматы.

Өмір жолы

Қасым жастайынан жетім қалып, Семейдегі балалар үйінде тәрбиеленді. Сонда бастауыш білім алып, кейін Семей мал дәрігерлік техникумын бітірді. Одан соң Орал педагогикалық институтында оқыды. Ұлы Отан соғысына қатысып, елін қорғаған жауынгер-ақын болды.

V–VI. Өлеңмен жұмыс

V. Мұғалімнің жатқа оқуы

Өлең тыңдалады, әсер бөлісу ұйымдастырылады.

VI. Шумақтарды мәнерлеп оқу және негізгі ойды табу

  1. 1 Кең даланы қанша шарласа да шаршамайтыны.
  2. 2 Туған жерді «алтын бесік» деп танып, оның қадірін білмесем, кешірім сұрауы.
  3. 3 Мақтаныш сезімінің айқын көрінісі.
  4. 4 Туған жердің байлығы мен жомарттығын суреттеуі.

VII. Сұрақ-жауап

1-сұрақ

3-шумақ бойынша сұраққа жауап беру.

2-сұрақ

Туған жерде қандай байлық бар?

VIII–X. Тіл дамыту және талдау

VIII. Ақын қолданған көркем сөздерді теріп жазу

Мысалдар: кең дала, жас бала, алтын бесік, туған жер, байтақ жер.

IX. Оқулықпен жұмыс

  • Шумақтап оқу.
  • Тұтас мәнерлеп оқу.

X. Өлең ұйқасын табу

Кестеге сәйкес ұйқас түрін анықтау және дәлелдеу.

XI. Топтық жұмыс

1-топ

Туған жер туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу.

2-топ

«Туған жер» тақырыбында шағын шығарма жазу.

3-топ

4 жол өлең құрастыру.

XII. Ребус шешу

16 желтоқсан — қандай мереке?

XIII. Өмірмен байланыс

Сұрақ

Балалар, сендердің туған жерлерің қалай аталады?

Жауап үлгісі

Біздің туған жеріміз — Жаңаөзен қаласы.

Талқылау

Қаламыз республикаға несімен танымал? (Қосымша материал ретінде «Жер нәрі» кітабынан суреттер көрсету.)

XIV. Венн диаграммасы: екі өлеңді салыстыру

С. Торайғыров

  • Еліне арнайды.
  • Елі үміт артады.
  • Ілім-білім жинауды дәріптейді.
  • Үмітін ақтауға үндейді.
  • Ризашылығын білдіреді.

Ортақ белгілері

Екі ақын да туған жерге деген сүйіспеншілігін жырлайды, елге деген жауапкершілік сезімін күшейтеді.

Қ. Аманжолов

  • Жеріне арнайды.
  • Туған жерді «алтын бесікке» теңейді.
  • Кешірім сұрау мотиві байқалады.
  • Байлығын, кеңдігін, ұлылығын суреттейді.
  • «Барымды беремін» деген ықылас білдіреді.

XV. Қорытынды және бағалау

Сабақ соңында әр топтың және әр оқушының қорға қосқан үлесі саналып, топтық әрі жеке бағалау жүргізіледі. Ең көп үлес қосқан топқа ту табысталады.