Суретін көрсету

Оқу іс-әрекеті туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Жапсыру

Тақырыбы

Шыршаны безендіру

Мақсаты мен міндеттері

  • Жаңа жылдық шыршаның бейнесін геометриялық фигуралар арқылы құрастырып, безендіруге үйрету.
  • Бейнені қабылдауын дамыту, түстерді ажырата білуге және ырғақты сезінуге баулу.
  • Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

Түрлі түсті үшбұрыштар Шырша үлгілері Түрлі түсті қағаз Қайшы Желім Безендірілген шырша суреті

Қостілділік компонент

шырша

елка

безендіру

украсить

Сабақтың кезеңдері

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Тәрбиешінің әрекеті

«Шаттық шеңберін» ұйымдастырады, балаларды өлең жолдарына сай қимылдауға шақырады.

Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Жиналған жылу-шуақты
Қонақтарға шашайық.

Баланың әрекеті

Шеңберге тұрып, мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

2) Іздену-ұйымдастырушылық кезең

Тәрбиешінің әрекеті

Жұмбақ жасырады:

Жасыл тонның бояуы
Жыл бойы оңбайды.
Діңі, бүршіктері —
Қысқы аязда тоңбайды.

Әңгіме мен сұрақтар:

  • Жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме?
  • Жаңа жылда міндетті түрде не болуы керек?
  • Шыршаны қайдан алуға болады?

Шағын әңгіме

Тәрбиеші анасы мен баласының базарға барып, әртүрлі шыршалардың ішінен ең әдемісін таңдап алғаны туралы әңгімелейді.

Талдау сұрақтары:

  • Қандай шыршалар бар екен?
  • Олар қандай шырша алмақшы?
  • Ең үлкен шыршаны кім көрсетті?
  • Соңында нешінші шыршаны сатып алды?

Негізгі тапсырма

Балалар геометриялық фигуралардан шыршаны құрастырып, жапсырады: жасыл үшбұрыштар (үлкен, орташа, кіші). Алдымен үлкенін, кейін ортасын, соңында кішісін орналастырады.

Үшбұрыш Төртбұрыш Дөңгелек

Қауіпсіздік ережесі

Қайшымен және желіммен жұмыс істеу кезінде ұқыптылық сақтау, құралдарды дұрыс қолдану, жұмыс орнын таза ұстау ескертіледі.

Сергіту сәті

Қар үстінде қар, қар,
Шырша үсті қар, қар,
Ағаш түбінде ақ аю,
Ұйықтап қалыпты.
Тыныш, тыныш, балақай,
Шуламаймыз біз бұлай!

Шығармашылық жағдаят

Балаларға электронды пошта арқылы хат келгені айтылады. Хатты жаңа ғана шырша сатып алған Бауыржан жіберген: ол алыста болғандықтан, шыршасын безендіруге көмек сұрайды.

Шешім: балалар өздері жапсырған шыршаны безендіріп, суретке түсіріп, Бауыржанға жіберуге келіседі.

Баланың әрекеті

Жұмбақтың жауабы:

Шырша.

Сұрақтарға жауап береді:

  • Жаңа жылды жақсы көреді.
  • Мерекеде шырша болуы керек.
  • Шыршаны базардан алуға болады.

Жапсыру жұмысы

Геометриялық фигураларды атайды (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) және жасыл үшбұрыштардан шыршаны кезең-кезеңімен құрастырып жапсырады.

Сергіту

Қимыл-қозғалыс жасап, бой сергітеді.

Хатпен жұмыс

Ноутбукке назар аударады, хатты тыңдайды, әрқайсысы өз ойын айтады. Шыршаны безендіреді, жұмысты талдайды және фотоға түсіреді.

3) Рефлексивті-түзетуші кезең

Тәрбиешінің әрекеті

Ойын

«Көжектер» ойынын ұйымдастырады.

Тілдік жаттығу

У-у-у — мөлдір су.
Ша-ша — шырша.
Ұз-ұз-ұз — көкше мұз.

Жылулық шеңбері: қорытынды сұрақтар

  • Біз бүгін нені безендірдік?
  • Оның түсі қандай?
  • Қандай мереке онсыз өтпейді?

Кері байланыс

Бауыржаннан жауап хат келеді: «Балалар, көп рақмет! Сендер жіберген суреттер өте әдемі екен. Сол суреттер арқылы мен де шыршамды безендіріп алдым».

Тәрбиеші суретті көрсетеді.

Баланың әрекеті

Ойын және тіл дамыту

Ойын ойнайды, тілдік жаттығуларды орындайды.

Қорытынды жауаптар

  • Шыршаны безендірдік.
  • Түсі — жасыл.
  • Онсыз Жаңа жыл өтпейді.

Қорытынды көңіл күй

Жауап хатты тыңдап, қуанады. Жұмыс орындарын жинастырады.

Болжамды нәтиже

Білуі керек

Шырша — Жаңа жыл мерекесінің символы екенін және оны дұрыс безендіру жолдарын.

Қалыптасқан дағды

Сұрақтарға толық әрі анық жауап беру.

Істей біледі

Ұжыммен жұмыс істеу, бірлесіп шешім қабылдау.