Қарындасым

Қарындасым!
Бүгін, міне, сен үшін
Аспан нұрдан әшекейін тағынды.
Күміс өзен күліп сылқ - сылқ ақты да,
Өзі құяр көк теңізін сағынды.
Бүгін, міне, сен үшін
Дала шат боп жасыл жібек жамылды.
Өйткені сен 18 - ге толған күн!!!
Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің
"Он сегіз!!!" деп қоңырауы қағылды!

Сені бүгін 18 - ге толды деп,
Ата - анамыз қуанысты, шаттанды.
Саған тілеп бақыт толы ақ таңды.
Мен де ағаң боп - бауырың боп қуандым,
Көргендей боп нұр жүзіңнен
Наурыздағы кіршіксіз бір ақ қарды.

Сенің жаның сол ақ қардай кіршіксізін білемін,
Армандарға толы сенің жүрегің.
Сондықтан да сен шыққанда 18 - дің қырына,
Сол армандар орындалса екен дедім -
Тіледім!

Қарындасым!!!
Құтты болсын туған күнің бүгінгі!
Достарың да көрер сенің шаттық толы түріңді.
Саған бәрі,
бәрі мынау адамдардың тілекші,
Әкелгендей 18 жас ең бақытты күніңді.

Сен асықтың, білем, ылғи бүгінге,
Жазылып - ақ тұратұғын ішкі алаңың түріңде.
Бүгін сен де 18 - дің құшаққа алдың шат гүлін,
Өмір - өзен,
Сол өмірде ешқашан да сүрінбе!

Аға болып, бір үйде ылғи өтсе - дағы күндерім,
Ағалықты қанша жасай алғанымды білмедім.
Маған жақсы сенің мынау тек көктемнен тұрмайтұғын өмірде
Көз жасынсыз жүргенің.

Туған күнің!!!
18 - ге толыпсың.
Достарың да бүгін сені бұрынғыдан көп ұқсын!
Сенің мынау осы шақтан басталатын албырт, арман жолыңда
Тек жақсылық жолықсын!

Бүгін, міне, 18 деп бақыт таңы атыпты,
Сенен бұрын осы жастың бал дәмін
гүл өмірде талай әпке татыпты.
Сен кішкентай қыз едің,
Тоқтата алмас деген осы уақытты.
Саған бүгін 18 боп келсін барлық шаттығың!
Аға болып тілерім:
Өмірде бол бақытты!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Ұят сөзі ұғымы
Түркі тілдерінде қалыптасқан изафет
Синтаксис
Қобыланды батыр жырының композициялық құрылысы
Қазақ фольклоры жырлары
Сайын Мұратбековтың әңгімелері
ТАҺИР - ЗУХРА ДАСТАНЫНЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ
Талғат Рысқұлбеков Жалған желтоқсаншылар көп
ПАЙҒАМБАРЛАР ТАРИХЫ ҒАЛАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
Содан кейін әке орнына әке болып, екі қарындасым мен анамды өзім бақтым
Перизат қарындасым
Жаз бойы қарындасым екеуміз далада гүл ектік
Қарындасым Ғайни мен Еркін інім