Бекітіп шөбереңнің бұғанасын, Той болсын әлі талай ұлан - асыр

Анаға тілек
Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!

Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.

Жан - жағың толып бізбен бүтін бүгін,
Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.
Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,
Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.

Қызығын қызықтаумен немеренің,
Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.
Қуандың талай тойда шаңырақ пен
Жазылған шаттығына керегенің.

Оятып болашаққа сенімдерін,
Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.
Бәйек боп жүресің - ау, ұрпақтардың
Болмаса дегендей - ақ көзінде мұң.

Болғандай тіршілікте бағың бала,
Ұл - қызың - өмірдегі тауың дара.
Солардың қызығына куә болып,
Аман жүр ортамызда,
ауырма, ана!

Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,
Той болсын әлі талай ұлан - асыр!
Қызықтап сол тойларда отырсыншы
Қазақтың қарапайым бір анасы!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Қазақстан Республикасы тәуелсіз - Егеменді бір тұтас мемлекет
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Неке және отбасы құқықтарының негізі
Тасбақаның шөбі (әңгіме)
Отаншылдық мұраты – жасампаздық
Қазақ халқының шүлен тарату дәстүрі
Бағзыдан жеткен баба жыр
Байжігіт
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР, ӨМІРШЕҢ ӨНЕР
Шоқанның "Манас" жыры
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы