Жаңа сөздер
Ұйым туралы мәлімет
Қала
Атырау
Мекеме
№8 «Ақбота шипа» жай типті бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші
Гилажова Айгүл Мауфихқызы
Ересектер тобының бірінші санатты тәрбиешісі
Көркем дербес ойын (күннің екінші жартысы)
Білімдік мақсат
Балаларды мәнерлеп сөйлеуге, жаңа сөздерді қолданып байланыстырып сөйлеуге үйрету; білім-білік дағдыларын қалыптастыру; танымдық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық мақсат
Көркем дербес ойынға қызығушылығын арттыру; коммуникативті дағдыларын күшейту; есте сақтау, тіл байлығы мен зейінін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға, ұжымда сыпайы қарым-қатынас жасауға, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- «Ертегілер елінде» пазл ойыны
- «Көңілді корабль» мозайка ойыны
- «Тігінші» сюжеттік-рөлдік ойын құралдары
Өткізу барысы
Шеңберге жинақталу
Балалар, бәріміз ортаға шеңберге жиналып, бір-бірімізге алақан арқылы жылулық пен достық сезімдерімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Бір-бірімізге деген жылы сезімімізді алақан жылуы арқылы жеткізейік.
Топқа бөлу
Балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа көркем дербес ойынның бір түрі ұсынылады. Әр ойын барысында балалар жаңа сөздерді қолдана отырып, жасаған жұмысын әңгімелеп береді.
Ойын 1
Пазл
«Ертегілер елінде»
Ойын 2
Мозайка
«Көңілді корабль»
Ойын 3
Рөлдік ойын
«Тігінші»
«Ертегілер елінде» пазл ойыны
Танымдық ойлау мен топтық жұмысты күшейту
Мақсаты
Танымдық ойлау қабілетін дамыту; өзіне сенімді болуға баулу; ұжымдық жұмысты дұрыс ұйымдастыру; жаңа сөздерді қолдануға және бір-бірінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер
- ғажайып
- балалайка
- сиқырлы
Шарты
- Суретте ертегі кейіпкерлері бейнеленген бөліктер беріледі.
- Бөліктер әртүрлі пішінде қиылған.
- Бөліктерді құрастырып, толық ертегі бейнесін жасайды.
- Қай ертегі екенін айтып, қысқаша әңгімелеп береді.
«Көңілді корабль» мозайка ойыны
Есте сақтау, зейін және бейне құрастыру
Мақсаты
Ойлау, есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту; ойынға қызығушылықты арттыру; жаңа сөздерді қолдану; үлгіге қарап бейнені құрастыра білуге үйрету.
Жаңа сөздер
- матрос
- корабль
- яхта
- теңіз жағалауы
Шарты
- Әр бала өзіне ойын тақтайшасын таңдап алады.
- Үлгідегі суретке қарап, мозайка бөліктерінен бейне құрастырады.
- Құрастырған бейнесі туралы қысқаша әңгімелеп береді.
Сюжеттік-рөлдік ойын: «Тігінші»
Диалог, тіл байлығы және еңбекке құрмет
Мақсаты
Тіл байлығын дамыту; коммуникативті дағдыларды арттыру; жаңа сөздерді диалогта қолдануға үйрету; есте сақтау қабілетін күшейту; өзіне сенімді болуға баулу; үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер
- портной (шебер)
- дизайн
- көркемдеуші
- әсемдеуші
Көрнекіліктер
- Киімдер мен бас киімдер
- Тігіншіге қажет құралдар: ине, метр, қайшы, жіп
- Тігін машинасы
- Киім үлгілері мен маталар
- Балаларға қауіпсіз, ұшы жоқ қайшы
Ойын барысынан үлгі
Тәрбиеші: Балалар, тігіншілер не істейді?
Балалар: Киім тігеді.
Алдымен «киім тігу» рөліне ену үшін балалар өзара рөлдерді бөліседі: бірі тігінші, бірі өлшеуші, бірі үтіктеуші.
Айда көйлегін қысқартып беруді сұрайды. Жадыра қайшымен өлшеп, қиып, тігіп береді. Камила көйлекті үтіктеп дайындайды.
Келесі бала шалбар әкеледі, ал тігінші қуыршаққа желетке тігіп көреді. Ойын балалардың қиялы мен қалауына қарай жалғасады: рөлдер алмасады, бір-біріне көмектесіп, ұйымшылдықпен ойнайды.
Ескерту: тәрбиеші ойын барысында бағыт беріп, қажет кезде көмектесіп отырады.