Координаталық түзу

Сабақ тақырыбы: Оң және теріс сандар. Координаталық түзу

Бұл сабақта оқушылар оң және теріс сандарды координаталық сәуледе (координаталық түзуде) кескіндеуді үйренеді, математикалық тілде сауатты сөйлеуге дағдыланады, сондай-ақ өз бетінше және топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Оқу мақсаттары

  • Оң және теріс сандарды координаталық сәуледе/түзуде кескіндеу.
  • Математикалық сөйлеуге машықтану.
  • Өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Барлық оқушылар

Оң және теріс сандарды ажырата алады.

Көптеген оқушылар

Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей біледі.

Кейбір оқушылар

Деңгейлік тапсырмаларды толық орындайды.

Жетістік критерийлері

  • Оң және теріс санды жаза және оқи алады.
  • Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей алады.
  • Қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.
  • Өз дәлелін негіздеп ұсына алады.
  • Өзіне және топқа жауапкершілікпен қарайды.
  • Топ ережесін сақтайды.
  • Өзгенің пікірін тыңдай алады.
  • Өзін-өзі және бірін-бірі бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар оң және теріс сандарды координаталық түзуде дұрыс кескіндеп, сол бойынша қорытынды жасай алады.

Диалог пен жазу үшін тіркестер

Оң сан Теріс сан Координаталық түзу

Құндылықтарды дарыту

Киелі сандар туралы түсінікті кеңейту, танымдық қызығушылықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, информатика.

Сабақтың басы

1) Ұйымдастыру

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды сандар бойынша топқа бөліп, 5 топқа орналастыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

Үй жұмысының дұрыс орындалуын тексеру: №293, №294, №296.

№293

Нүктелердің координаталары:

  • A(−4)
  • B(−2,5)
  • C(−1)
  • D(2)
  • E(3)
-5  -4  -3  -2  -1   0   1   2   3   4   5
     A       B   C           D   E

№294

Нүктелердің координаталары:

  • A(−5)
  • B(−3,5)
  • C(−2)
  • D(3)
  • E(−4,5)
-5  -4  -3  -2  -1   0   1   2   3   4   5
 A   E   B   C               D

№296

Оң және теріс сандарды өмірмен байланыстырып оқыңыз (биіктік — «+», тереңдік — «−»):

  1. Байкал көлінің тереңдігі: −1620 м.
  2. Жер шарындағы ең биік нүкте — Гималайдағы Джомолунгма (Эверест): +8848 м.
  3. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері — Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы: −11020 м.
  4. Тянь-Шаньдағы Хантәңірі шыңының биіктігі: +6995 м.

Автор туралы

Алмалы ауданы, №18 гимназия КММ. Математика пәнінің мұғалімі — Нарзиева Озада Хушвахтовна.