Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту
Сабақтың тақырыбы
1-сынып. Өзім туралы. Сәлем саған, мектебім! Сөйлеу.
Оқу мақсаттары
1.2
Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
1.3
Тыңдалған материалды мазмұндау.
1.1.1.1
Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөз, сөйлем, мәтін, сөйлеу) ажырату және тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Сабақтың мақсаттары
-
Барлығы
Сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді, оқиғаларды тыңдайды.
-
Көбі
Анық сөйлеу арқылы тақырыпты талқылайды.
-
Кейбірі
Анық әрі толық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін дәлелдейді.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар мен байланыстар
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минутТаңғы шеңбер: оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен «Сәлем!» деп амандасады. Кейін берілген өлеңді әртүрлі эмоциямен (көңілді, көңілсіз, ашулы) айтып көреді.
Өлең
- Бірінші күн — дүйсенбі
- Екінші күн — сейсенбі
- Үшінші күн — сәрсенбі
- Төртінші күн — бейсенбі
- Бесінші күн — жұма
- Алтыншы күн — сенбі
- Жетінші күн — жексенбі
Оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстыру.
Шаттық шеңбері: «Өзім туралы. Сәлем саған, мектебім!» тақырыбы бойынша қысқаша әңгімелесу және сөйлеу дағдыларын дамыту.