Шығармашылық ізденіс жобасын негіздеу
Жобаның мақсаты
- Оқушылардың теориялық материалды терең түсінуіне жағдай жасау.
- Тапсырманы орындауға бағытталған ойлау, еңбек және технологиялық іс-әрекеттерді дұрыс жүргізуге үйрету.
- Оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру.
- Атқарылған жұмыстан қанағат алуға, нәтиже сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Барысы
Технология — кез келген өндіріс саласында белгілі бір өнімді жасап шығару үшін орындалатын жұмыстардың, ережелердің және дағдылардың жиынтығы. Ал технология пәнінде оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімдеу жобаның өзегін құрайды: мұғалім жұмысының жинақталуына, әрекеттің белгілі бір нәтижеге бағытталуына және оқушының ізденіс-зерттеу жұмысын жүйелі жүргізуіне көмектеседі.
Жоба жұмысы рет-ретімен ойлануға және «Не істеймін? Қалай істеймін? Кім үшін?» деген сұрақтарға нақты жауап табуға мүмкіндік береді. Жобаның құрылымын бөлімдерге қарай ішінара өзгертуге болады — бұл жалпы жүйені бұзбайды. Себебі әр тараудың бағыты бөлек: конструкциялық металл материалдарын өңдеу технологиясы, сәндік-қолданбалы өнер, жеміс-көкөніс дақылдарына қатысты немесе кәсіпке бағдарланған жобалар өз ерекшелігімен жоспарланады.
Нәтижесі
Дағды және дербестік
- Оқушы өз бетінше мақсат қоя алады және оны орындауға үйренеді.
- Жеке ізденіс жұмысын жүйелі жүргізу дағдысы қалыптасады.
Қызығушылық және нәтиже
- Жобаны өз бетінше таңдай алу мүмкіндігі артады.
- Ізденушілік пен зерттеушілік қызығушылық күшейеді.
- Жұмысты соңына дейін жеткізу, нәтижеге толық жету көзделеді.
Әр сабақта өтілетін тақырыпты шығармашылық жұмысқа айналдыру жолдары түсіндіріліп отырады: өткен материалдарды шолып, жоба таңдау, жобаны негіздеу және жоба дәптерімен жүйелі жұмыс жүргізу.
Жоба дәптері: кезеңдер бойынша жоспар
I. Жобаның ізденіс кезеңі
1) Тақырыпты анықтау және нақтылау: Сый-кәделік шертер аспабы
2) Идеяларды қарастыру
- №1 — пластик материалынан жасау.
- №2 — көлемін үлкен етіп жасау.
- №3 — кіші көлемде жасап, ою-өрнекпен әсемдеу.
3) Таңдау және талдау: №3 нұсқа таңдалды.
4) Бұйымның қызметі: негізгі мақсаты — сый-кәделік бұйым (көпфункциялы қызмет көзделмейді).
II. Шығармашылық әрекет ету кезеңі
1) Материал таңдау
- ағаш
- ішек (жилка)
- әрлеуге арналған жапсырма қағаздар
- желім
2) Сызбасын түсіру
Бұйымның өлшемін, негізгі бөлшектерін және құрастыру ретін сызба арқылы белгілеу.
3) Қажетті құрал-жабдықтар
Экологиялық сараптау
Бұйым таза ағаш материалынан жасалады, адамға және қоршаған ортаға зияны жоқ.
Экономикалық есептеу
| Материал | Құны |
|---|---|
| Ағаш (қарағай) — қалдық материал | 0 тг |
| Жапсырма қағаз (25 см) | 50 тг |
| Ішек (1,5 м) | 50 тг |
| Желім (1 құты) | 80 тг |
| Жалпы шығын | 180 тг |
III. Жобаны нақтылау және қорғау
Бұйымның аты
Шертер аспабы
Атқаратын қызметі
Сый-кәделік бұйым
Идея/жаңарту
Ұлттық аспаптың шағын үлгісін жасау
1) Өзектілігі
- Шертердің сый-кәделік түрлері көп тарала бермеген.
- Көп адам бұл аспап туралы толық біле бермейді.
2) Мақсаты
- Аспап туралы және оның қолданылуы жайлы көпшілікке насихаттау.
- Шертерде орындалатын әуен түрлерін зерттеу.
3) Жасау технологиясы және эстетикасы
- Құрылысы қарапайым.
- Жасауға жеңіл.
- Ағаш материалын табу қолжетімді.