Отан деген сөз
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Тақырыптық модуль: Отан, туған жер және отансүйгіштік құндылықтары
Сабақтың мақсаты
1) Модуль бойынша Отан туралы алған білімдерін жинақтап, өз ойының мазмұнын ашып айтуға үйрету.
2) Монолог және диалог түрінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту; қосымшаларды дұрыс жалғап сөйлеу, жазу сауаттылығын, есте сақтау қабілетін және сөздік қорын жетілдіру.
3) Оқушылардың бойындағы отансүйгіштік қасиеттерін нығайту, еліміздің тәуелсіздігін қадірлеуге және оны өз мүмкіндігіне сай қорғауға баулу.
Сабақ барысы
А. Кіріспе бөлімі
- 1) Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, қатысымды тексеру.
- 2) Психологиялық дайындық.
Б. Негізгі бөлім
- 3) Үй тапсырмасын тексеру.
- 4) Жаңа тақырыпты меңгеру.
В. Қорытынды бөлім
- 5) Сабақты бекіту.
- 6) Бағалау және қорытындылау.
Бағалау: «Білім биржасы» ойыны
Оқушылар жауап берген сайын «акция» алады. Сабақ соңында әркім өз акцияларын санап, ең көп жиналған түске сәйкес баға қойылады.
Акциялардың мәні
- Дұрыс емес жауап — сары акция
- Дұрыс, бірақ толық емес жауап — қызыл акция
- Толық әрі дұрыс жауап — көк акция
- Өте жақсы, дәлелді жауап — жасыл акция
Баға шкаласы
- Сары акция
- 2
- Қызыл акция
- 3
- Көк акция
- 4
- Жасыл акция
- 5
Қызығушылықты ояту: сұрақтар желісі
Сабақ басында оқушыларды ойландыру үшін өмірмен байланысты сұрақтар қойылады. Бұл сұрақтар «Отан қайдан басталады?» деген ойға жетелейді.
- Балалар, сендер қазір қайда отырсыңдар?
- Мектепке қайдан келдіңдер?
- Үйлерің қай жерде орналасқан?
- Ауылымыз қай жерде орналасқан?
- Батыс Қазақстан облысы қай мемлекетте орналасқан?
Қорытынды ой: Отан — туған жерден, өз ауылымыздан, өз үйімізден, өз отбасымыздан басталады.
Көрнекілікпен жұмыс: карта және слайд тапсырмалары
Слайд 1: Карта
Қазақстан Республикасының картасынан өз туған жеріңді тауып, оның картадағы орны мен ерекшеліктері туралы қысқаша әңгімеле.
Слайд 2: Суретті сөзбен алмастыр
Берілген мақал-мәтелдерді оқып, суреттердің орнына сәйкес сөздерді қойып, мағынасын түсіндір.
Мақал-мәтелдер
- 1. Отан (оттан) да ыстық.
- 2. Туған жерге (туың) тік.
- 3. Туған жердің (күні) де ыстық, (түні) де ыстық.
- 4. Өз елің — алтын (бесік).
- 5. Отанның алғысы — (жүректің) қуанышы.
- 6. Отансыз адам — ормансыз (бұлбұл).
Сөздік жұмысы
Түсініктеме
«Отан» сөзі арабтың «уатан» (өлке, мекен) деген сөзінен шыққан.
Грамматикалық тақырып: қосымша және оның түрлері
Қосымшаларды қайталау арқылы оқушылар сөз құрамын талдап, жалғаулардың қызметін нақтылайды.
Талқылау сұрақтары
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Сөзге жаңа мағына беретін (немесе үстеме мағына қосатын) қосымша қалай аталады?
- Жалғаудың неше түрі бар, қызметі қандай?
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып, қосымшасы бар сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау жаса.
Жазбаша тапсырмалар
№1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз
Отан деген сөз...(т.с) күн сайын естиміз. Отан дегеніміз адам...(і.с) туып-өскен жер...(т.ж). Қазақ елі...(ж.с) тұратын адамдар...(і.с) Отаны — Қазақстан Республика...(т.ж). Адамның жақсы, бақытты өмір сүру...(т.ж) көп жағдайда Отан...(б.с) деген сүйіспеншілігі...(б.с) байланысты. Отаның...(т.с) сүйе білсе...(ж.ж) — атақ та, жұмыс та, құрмет те болады.
№2. Сандарды әріптермен ауыстырып жаз
20.25.1.18 28.34.38.18 20.25.15.1 25.28.24 - 14.28.13.17.8.13.24.38.19
«Отан үшін отқа түс — күймейсің».
8.16.7.38, 20.25.1.18.7.37 24.28.13.8.25.38.18.7.38.5.38.19.7.38 24.21.11.3.8.18 8.17.8.24, 38.24.22.8.18 7.2.16.8.16.7.8
«Елді, Отанды сүйетініңді сөзбен емес, іспен дәлелде».
№4. Мақал-мәтелдердің аудармасын тауып, мазмұнын түсіндір
Қазақша
- Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- Ел іші — алтын бесік.
- Әркімнің өз жері — жұмақ.
- Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Орысша (аралас берілген нұсқалар)
- Родная земля — золотая колыбель.
- Каждому родная земля — рай.
- На чужбину попав, поймешь, как дорога Родина.
- Родина — мать народу, народ — мать джигиту.
- Нет земли лучше Родины, нет людей лучше, чем на Родине.
Тапсырма: қазақша мақал-мәтелдерді мазмұны жағынан сәйкес орысша нұсқаларымен жұптастыр.
№5. Қате құрастырылған сөйлемдерді түзет. Қосымшалардың түрін ажырат
| Қате сөйлем | Дұрыс нұсқа (оқушы түзетеді) |
|---|---|
| Өз сүймейтін елінің адамдар қорғаны халқын бола алмайды. | Жауап орны |
| Азаматтың туы намыс алтын. | Жауап орны |
| Өзінің өскен адам ауылын қадірлеген отаншыл болады. | Жауап орны |
| Ол сыйлайды адамдарды. | Жауап орны |
Ескерту: түзетілген сөйлемдерден жалғау мен жұрнақты тауып, қай түріне жататынын дәлелде.
Сабақты бекіту және қорытынды ой
Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға — сол қайғы. Білесің бе, Отанның сен не екенін? Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан — мекенің!
Мұқағали Мақатаевтың жырындағы ойға сүйене отырып, Отанның жалғыз екенін әрдайым ұмытпауға шақыру.
Сабақтың аяқталуы
Бағалау
«Білім биржасы» нәтижесі бойынша оқушылардың жинаған акциялары саналып, сәйкес баға қойылады.
Музыкалық қорытынды
Сабақ соңында жерлес ақын Қ. Мырза Әли мен сазгер Е. Хасанғалиевтің сөзі мен әніне жазылған «Атамекен» әні орындалады.