Абдужалилова Райхан апайға сөз беру
Мақсаты
Көктем мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар арқылы қыз балаларды әдептілікке, әсемдікке, инабаттылыққа және сыпайылыққа баулу; ата-баба дәстүрін құрметтеп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге тәрбиелеу. Ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттырып, қатысушылардың ақыл-парасатын, талғампаздығын, көрегендігін және шеберлігін айқындау.
Жүргізушінің құттықтауы
Аяулы аналар, жайдары әжелер, апайлар, қыздар! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнай беріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді «Бүлдіршін» шағын орталығында өтетін қыздар арасындағы «Гүл көктем, ару көктем» топаралық сайысын тамашалауға шақырамыз.
Сайыс бағдарламасы
-
1) Тегін білу, тектілік
Қыздар өздерін таныстырады.
-
2) Өнерлінің өрісі кең
Қатысушылар өнерлерін көрсетеді.
-
3) Қиылған суреттерді құрастыру
Таным-білім беру саласы бойынша тапсырма.
-
4) Дәм-думан
«Анасын көріп қызын ал» — тағылымы терең бөлім.
-
5) Қыздарға әсемдік жарасады
Көктемгі сән киім үлгілерін көрсету.
Шағын орталық әдіскері — Абдужалилова Райхан апайға сөз беріледі.
Әділқазылар алқасы
Өнерпаздар өнерлерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Таныстырайын әділқазыларды жарыстырып.
I сайыс: Таныстыру
Балғын жүзі албырап,
Қанатын жаңа қаққан.
Қарсы алайық аруларды —
Сайысқа дайын тұрған.
Екі топ топ атауларын, ұрандарын және қатысушыларын таныстырады.
I топ — «Қызғалдақ»
Ұран:
Жайқаламыз, өсеміз,
Гүлдей жайнап өлкеміз.
1-оқушы
Күлімдеген күн нұрынан жаралған,
Жаны жайсаң аналардан нәр алам.
Бал-бұл жайнап алдарыңда мен тұрған —
Бағдат қызы Кәусар сұлу мен болам.
2-оқушы
Таныстырсам өзім жайлы қысқаша:
Елім — арғын, өнерім де айрықша.
Ата-әжемнің сүйікті немересі —
Ақниет ару қызы мен боламын.
3-оқушы
Атса таңым ертеңгі,
Бақытыма сенемін.
Гүлдей жайнап өсемін —
Қуанышбекқызы Инабат,
Иіліп сәлем етемін.
II топ — «Бәйшешек»
Ұран:
Бәйшешектей қырда өскен,
Құлпыра өсіп, жайнаймыз.
1-оқушы
Жас дәуренім тәтті балдай,
Күн шуағын төкті қандай.
Елім, жерім еркелеткен —
Мен елімнің еркесімін.
Бұл сайыста бақ сынайтын —
Базарбайқызы Инабат мен боламын.
2-оқушы
Бауыржанқызы Таңнұрмын,
Таза сәби көңілім.
Қуантамын әр күні
Балдай тәтті қылығым.
3-оқушы
Мен әжемнің нұрымын,
Мен анамның жырымын.
«Аяулым» деген атым бар —
Мен бұл топтың гүлімін.