Қалымбет қарттың қалаға келуі

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

Нәсіреддин Сералиев — «Аңсау»

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі

Бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер

Талдау, СТО әдістері

Көрнекілік

Ата мен бала суреті, кесте

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «Аңсау» әңгімесінен алған білімін тапсырмалар арқылы бекіту.

Міндеттері (білімділік)

«Аңсау» әңгімесі туралы нақты түсінік қалыптастыру.

Міндеттері (тәрбиелік, дамытушылық)

  • Сыйластыққа, адами қасиеттерді құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Алған білімді кеңейтіп, танымдық біліктіліктерін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңыздар.

  • Бүгін кім кезекші?
  • Сабақта кім жоқ?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру кезінде ата мен баланың суреті бөліктерге бөлініп беріледі. Оқушы сурет бөлігінің артындағы сұраққа жауап беріп, оны тақтаға іледі. Соңында сурет толық құрастырылады.

Сұрақтар

  1. 1 Нәсіреддин Сералиев кім?
  2. 2 «Аңсау» әңгімесі не туралы?
  3. 3 Сыйластық туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
  4. 4 Ермектің анасы Ермекті не себепті бөтен кісінің қасына жатқызғысы келмеді?

III. Жаңа сабақ

Бүгін «Аңсау» әңгімесі бойынша түсінігімізді тереңдетіп, алған білімімізді жүйелейміз.

I. Жоспар құру

  1. 1 Қалымбет қарттың қалаға келуі.
  2. 2 Ермектің қарияны үйіне ертіп әкелуі.
  3. 3 Қалымбет қарияның ауылына қайтуы.

II. Композициялық талдау

Оқиғаның басталуы

Қалымбет қарт баласының тойына жабдық алу үшін қалаға келеді. Кешкі уақытта қалып қойған соң қонақ үйге бармақ болады. Алайда қонақ үй қызметкерлері «төлқұжатыңыз жоқ» деп кіргізбейді. Амалы қалмаған қария биік үйлердің арасындағы орындыққа жантая кетеді.

Оқиғаның байланысы

Ойнап жүрген Ермекке бір қария «кел, мұнда тығыл» дейді. Бірақ бала жадағайдың астына тығылмай, қарттың мойнына асыла кетіп, «атам келді» деп мәз болады. Кейін Ермек Қалымбет қартты үйіне ертіп келіп, анасына қуанышпен «ата келді» дейді. Бала қариядан ауыл, ауылдағы аттар, бауырсақ туралы сұрайды.

Оқиғаның шарықтау шегі

Ермек ұйықтап жатқанда қарт білдіртпей тұрып кетпек болады. Сол сәтте Ермектің анасы Қалымбет қарияны дастархан басына шайға шақырады. Дастархан үстінде қария өзін іздесе, мына мекенжайдан табуға болатынын айтып, тұрғылықты жерін көрсетеді.

Оқиғаның шешімі

Ермек атасын қатты сағынғандықтан, бөтен қарияны өз атасындай көріп, өз үйіне алып келеді.

III. Сөздікпен жұмыс

Зеңкиген — еңселі, биік.

Қапырық — өте ыстық.

Саяжол — ағаштардың көлеңкесі түсіп тұрған жол.

Жаялық — жас нәрестені орайтын жөргек мата.

Алагүл — қоңыздың бір түрі.

Азанда — таңертең.

Кремтлен — матаның атауы.

Қиямет — қиын.

IV. Жағдаяттан шығу

  1. 1 Егер атаңыз қалаға кетуге жиналса, сіз не істер едіңіз?
  2. 2 Егер ата-анаңыз ата-әжелеріңізбен кездесуге тыйым салса, не істер едіңіз?

V. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап арқылы негізгі ойды жинақтау:

  1. 1 «Аңсау» әңгімесі не туралы?
  2. 2 Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
  3. 3 Кейіпкерлерден қандай адами қасиеттерді байқауға болады?

VI. Үй тапсырмасы

  • «Аңсау» әңгімесін мазмұндау.
  • «Ата қадірі» тақырыбына шығарма жазу.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.