Ашық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Ер есімі ел есінде» (слайдпен).

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары және Ұлы Жеңістің мәні мен маңызы туралы мәлімет беру.
  2. 2 Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой-өрісін ұштау.
  3. 3 Отан үшін жанын қиған ата-әжелердің, сондай-ақ бүгінгі ардагерлердің ерлігін үлгі ете отырып, құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Мақал-мәтелдер
  • Батырлардың суреттері

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Негізгі бөлім

Негізгі бөлім

Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бүгінгі 1 «А» сыныбының «Ер есімі ел есінде» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Сіздерді 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс ұрпағымыздың жадында мәңгі сақталады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз да Ұлы Жеңістің рухын насихаттауға арналған.

Сұрақ-жауап

  • Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
  • Қай жылы аяқталды?
  • 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биыл 68 жыл толып отыр. Осы жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше.

Соғыстың салдары

  • Кеңес халқының 20–25 миллионнан астам ержүрек ұл-қыздары құрбан болды.
  • Миллиондаған әйел жесір қалып, балалар әкесіз өсті.
  • 1710 қала мен жұмысшы кенті, 70 мыңға жуық ауыл мен елді мекен қиратылды.

Қазақстанның үлесі

Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 070 000 адам қатысып, олардың басым бөлігі майдан даласында қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын.

Үнсіздік минуты

Ендеше майдан даласында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ер жүрек батыр ата-әжелерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

1 минут

Үнсіздік

Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды арамыздан алып кетіп жатыр. Олар күн санап азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс. Себебі бұл — біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз.

Тарихқа шолу

1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4:00-де, таң шапағы жаңа арайлап келе жатқан сәтте, фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан, опасыздықпен басып кірді.

Оқушылардың өлең жолдары

Гүлзира

Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.

Аружан

Оқ борады күні-түн,
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.

Альбина Т.

Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

Қарақат

Солдаттар жаралы
Майданнан оралды.
Ажал боп төнген жауына,
Даңқты көктің қыраны.

Көрініс: Ананың баласымен қоштасуы

Анасы (Жансая)

— О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың. Енді сені қашан көрем? Әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір?!

Баласы (Еркебұлан)

— Анам! Сен мен үшін қамықпа. Әрбір сәт сайын менің сені қалай жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман ойға берілме. Соғыс біткен соң жақын арада оралам. Анам, жан анам!

Қыз (Нұрайлым)

— О, сұм соғыс! Сен не істедің?! Дала тып-тыныш болып қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ, тығылмаңдар! Биік болыңдар, еш оқ пен гранатаны аямай, жауды жеңіп оралуға ұмтылыңдар!

Қыз (Арайлым)

— Қайта оралуға тырысыңдар! Сау болыңдар!