Жапония шаруашылығы

11-сынып география

Бұл сабақ жоспары §24 тақырыбына арналған: «Жапония шаруашылығы». Материал оқушыларға Жапония экономикасының құрылымын, даму факторларын және экологиялық мәселелерін түсіндіруге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Жапония шаруашылығының негізгі бағыттарын қарастыру, шаруашылық түрлерін талдау, экономикалық және әлеуметтік дамудың жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, сондай-ақ елдің экологиялық жағдайы мен өзекті мәселелері туралы білім қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Жапония шаруашылығының түрлерін сипаттай алады және елдің экономикалық дамуының жоғары болу себептерін сыни тұрғыдан талдап, дәлелді қорытынды жасайды.

Міндеттері

  • 1

    Оқушылардың тақырыпты өз бетінше ашуына және талқылауына ықпал ету.

  • 2

    Жапонияның шаруашылық түрлері, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептері, сондай-ақ экологиялық жағдайы мен мәселелері туралы түсінік қалыптастырып, сипаттама жасай алуға мүмкіндік беру.

  • 3

    Оқушыларды нақтылыққа тәрбиелеу және алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге үйрету.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

  • Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
  • Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау (СТО), диалог, ОБ, ОЖЕ, ДТ, ОБК.

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих, ағылшын және орыс тілі.

Көрнекіліктер

  • Оқулық және оқу құралдары
  • Үлестірмелі материалдар
  • Слайд/презентация

Сабақ барысы

Қорытынды бөлім

5 минут

Үй тапсырмасы оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы арқылы тексеріледі. Қорытынды сұрақтарды мұғалім қояды.

«Сәлемдесу құпиясы»

1 минут

Сәлемдесу үлгілері: «Сәлеметсіз бе», «Здравствуйте», «Hello», «Moshi».

Жұмбақ: Жапония өнері

2 минут

Тақырыпқа кіріспе ретінде қысқа жұмбақ немесе ассоциациялық тапсырма орындалады.

Ой қозғау

1 минут

Сұрақ: Машина жасау мен робот құрастыру бойынша I орында қай ел? Оның себебі неде?

Топтық жұмыс: «Сипаттама жаса»

6 + 4 минут

1-топ

Қалыптасу кезеңдері

2-топ

Өнеркәсібі

3-топ

Ауыл шаруашылығы

4-топ

Сыртқы байланыстары

Әр топ өз бағыты бойынша қысқаша талдау жасап, деректерді жүйелеп, сынып алдында қорғайды.

Автор туралы

№14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі: Ерғалиева Нагима Өткелбайқызы.

Материал: «Жапония шаруашылығы» (жүктеу үшін дайындалған оқу мазмұны).