Беласар бөлімінің сұрақтары
Сабақтың тақырыбы
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты
а) Білімділік
«Металдар» тарауы бойынша халық педагогикасы элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтау және бекіту. Кестені пайдаланып, металдардың жай және күрделі заттармен әрекеттесуін реакция теңдеулері арқылы жаздыру.
ә) Дамытушылық
Химия пәніне қызығушылықты арттыру; ой-өрісті, ізденімпаздықты және шығармашылық қабілетті дамыту.
б) Тәрбиелілік
Адамгершілік және экологиялық тәрбие беру; кәсіптік бағдар ұсыну; өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі
- Қолдан сызылған кестелер
- Асықтар мен арбалар
- Сұрақ салынған конверттер
- Таратпа тапсырмалар
- Су және металдар коллекциясы
- Тақырыптық слайд материалдары
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Демонстрация, сұрақ-жауап және ойын элементтері арқылы сайыс сабағы түрінде ұйымдастыру.
Кіріспе сөз
Күнделікті тұрмыста химиялық талшықтан тоқылған маталар мен пластмассадан жасалған сан түрлі бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, кір жуғыш ұнтақтарды, жер құнарлылығын сақтайтын тыңайтқыштарды, асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған әшекейлерді, көз тартар бояуларды, өсімдік зиянкестерімен күресуге арналған гербицидтерді, хош иісті әтірлер мен майларды жиі кездестіреміз. Осының бәрі — химияның өмірімізге қаншалықты жақын екенін дәлелдейді.
Осы кең әлемнің негізгі салаларының бірі — металдар химиясы. Сондықтан бүгінгі сабақ металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін қайталап, бекітуге арналған «Алтын сақа» танымдық ойыны формасында өтеді.
Сабақтың құрылымы (ойын бөлімдері)
-
1
Сараптау ойыны: «Табалдырық»
Төрт күймеге төрт оқушыны іріктеу.
-
2
Әудем жер
Келесі кезеңге өтуге арналған пәндік-танымдық сұрақтар.
-
3
Қозы көш
Логикалық және өмірмен байланысты тапсырмалар.
-
4
Беласар
Негізгі ұғымдарды бекітуге арналған қысқа сұрақтар.
-
5
Жолайрық
Шешуші кезең: бір оқушы ғана өтеді.
-
6
Алтын көмбе
Химиялық қасиеттерді теңдеулер арқылы дәлелдеу.
-
7
Қорытынды
-
8
Үй тапсырмасы
«Табалдырық» кезеңі: іріктеу сұрақтары
1) Металдардың негізгі физикалық қасиеттері
- Жылтырлығы
- Қаттылығы
- Электр өткізгіштігі
- Жылу өткізгіштігі
- Майысқақтығы және тапталғыштығы
2–4) Қысқа сұрақтар
- Машина мен трактордың «жаны», қара металлургияның «наны»
- Жауабы: темір
- Ауыр металға жатады; балалар осы металл құйылған сақамен ойнайды
- Жауабы: қорғасын
- Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын ашқан ғалым
- Жауабы: Н. Н. Бекетов
«Әудем жер» кезеңі: пәндік-танымдық сұрақтар
1) Белсенді металл
Жұмсақ, белсенді металл; суға салсаң сутек бөліп, қарқынды әрекеттеседі. Табиғи қосылыстарының маңыздысы адам мен жануарлардың негізгі қорегінде кездеседі; тірі ағзада, қан плазмасында және жасуша құрамында болады; көптеген көлдердің шөгінділерінде ұшырасады.
Жауабы: натрий
2) Медицинадағы қолданылуы
Бұл металдар медицинада, соның ішінде пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және бассүйек сүйектеріндегі ақауларды жабуға қолданылады.
Жауабы: титан, никель
3) «Өсімдік күлі» деп аталатын элемент
Тағы бір атауы — «өсімдік күлі». Өсімдік күлінен сақар алады. Бұл элементті алғаш рет 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви сәйкес сілтіні электролиздеу арқылы алған. Тұздары Ақтөбе маңында көп кездеседі, қосылыстарында валенттілігі тұрақты (I). Натрий сияқты өте белсенді болғандықтан керосинде сақталады. Тұздары бағалы тыңайтқыш: жетіспесе өсімдік жақсы өнім бермейді.
Жауабы: калий
4) Алхимиктер атаған «жеті металл»
Алхимиктер жеті металды аспан денелерімен сәйкестендіріп, жеті ғаламшардың таңбаларын пайдаланған:
- Алтын — Күн
- Күміс — Ай
- Мыс — Шолпан
- Темір — Марс
- Қорғасын — Сатурн
- Қалайы — Юпитер
- Сынап — Меркурий
«Қозы көш» кезеңі: келесі сұрақтар
1) Сөз ойыны
Жазылуы бойынша оқысаң — элементпін, ал керісінше оқысаң — өткізгішпін. Мен кіммін?
Жауабы: мыс — сым
2) Биологиялық маңызы
Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында болады. Негізінен оттекті тасымалдауға және ағзада электрон алмасуына көмектеседі. Жетіспесе қаназдық байқалады.
Жауабы: темір
3) Тайқазан құрамы
Түркістандағы Тайқазан құрамына кіретін жеті металды атаңыз.
Жауабы: алтын, күміс, қызыл мыс, мырыш, темір, қорғасын, қалайы
«Беласар» кезеңі: нақты білімді тексеру
1) Сүйекті қаптайтын элемент
Жауабы: кальций
2) Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент
Жауабы: мырыш
«Жолайрық» кезеңі: шешуші сұрақ
Көшпелі өмірдегі маңызы
Бұрынғы көшпелі халықтың тіршілігінде әрі киім, әрі қорғаныс құралы, әрі қару-жарақ ретінде қолданылған химиялық элементті атаңыз.
Жауабы: темір
«Алтын көмбе» кезеңі: химиялық қасиеттерді дәлелдеу
Тапсырма
Сабақ барысында берілген кестелерді пайдаланып, металдардың химиялық қасиеттеріне мысал келтіріңіз. Таңдалған кез келген металл үшін жай және күрделі заттармен әрекеттесуін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңыз.
Мақсат: схеманы қолдану, өнімдерді дұрыс болжау, теңдеуді дұрыс теңестіру.
Негізгі схемалар
Жай заттармен әрекеттесуі
- Металл + оттегі → оксид
- Металл + күкірт → сульфид
- Металл + азот → нитрид
- Металл + хлор → хлорид
- Металл + сутегі → гидрид
Күрделі заттармен әрекеттесуі
- Металл + су → сілті + сутегі
- Металл + су → металл оксиді + сутегі
- Металл + қышқыл → тұз + сутегі
- Металл + тұз → жаңа тұз + металл
Сабақ барысындағы қосымша жұмыс
Мақал-мәтелдер
Сабақ барысында металдарға байланысты мақал-мәтелдер сұралып, оқушылардың тілдік-танымдық қорын байланыстыра дамыту көзделді.
Тест тапсырмалары
Сыныпта оқушылар саны көп болғандықтан, 6–7 оқушыға жеке тест сұрақтары беріліп, жедел бағалау жүргізілді.