Пусть всегда будет небо

Сабақтың мақсаты мен ұйымдастырылуы

Мақсаты

Дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру; ананы қадірлеп, сыйлай білуге үйрету; мейірімділікке тәрбиелеу; 8 наурыз — Аналар мерекесіне орай құрмет көрсету.

Көрнекілігі

  • Қанатты сөздер
  • Слайдтар
  • Шарлар мен гүлдер

Сабақ форматы

Аралас форматта өтеді; қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Кіріспе: Мұғалім сөзі

Ана — жүрек, жүректі қастерле. Ана — тірек, тіректі құрметте. Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана — күнің, күніңе табынып өт.

Бүгінгі 8 наурыз — Аналар мерекесімен құттықтай отырып, әр отбасыға зор денсаулық, мол табыс тілейміз.

Жүргізушілердің құттықтауы

1-жүргізуші

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз. «Ардақты анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Ана — үш-ақ әріптен құралғанымен, мағынасы теңдессіз сөз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің бұлағы — Ана. Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы. Баланың бойындағы ең жақсы қасиеттер ана жүрегінің жылуынан бастау алады: нәзік үн, жұмсақ алақан, жан жылуы, әлди мен жұбату.

3-жүргізуші (орыс тілінде)

Уважаемые родители! Сегодня этот замечательный праздник отмечают во всех уголках земли — 8 Марта. Поздравляю вас и желаю крепкого здоровья, счастья в семье, успехов в работе и вечной молодости.

В марте есть такой денёк
С цифрой, словно кренделёк.
Кто из вас, ребята, знает,
Цифра что обозначает?
Дети хором скажут нам:
Это праздник наших мам!

4-жүргізуші

Нәресте өмірінің нәрі — ана сүті. Халық ұғымында баланың ана алдындағы парызын өтеуі «ана сүтін ақтау» деп аталады. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген сөз — ананың еңбегінің өлшеусіздігін білдіреді.

Өлеңдер мен әндер: Ана туралы жүрек сөзі

Келесі кезек — оқушылардың ана туралы өлеңдері

Өлең оқитын оқушылар: Диас, Айшағұл, Нұршат, Жасмин, Ислам, Нұрдәулет, Гүлнұр, Нұртілек.

Ән

Ұлдардың орындауында: «Алтын анам»

Диас

О, анам, Алатаудай асқарымсың,
Жазылмаған өлеңім, дастанымсың.
Кеудеме сыймай жүрген жұмбақ сырым
Әрдайым өзің үшін ақтарылсын.

Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,
Анашым, нұр шашасың жүрегімде.
Сен болмасаң осылай бақытты боп,
Жарқылдап, шалқып, тасып жүрер ме едім?!

1-жүргізуші

Әрбір ана — отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын тілейтін қасиетті мейірім иесі. Өз перзентін «асылым», «алтыным», «жарқыным» деп күні-түні тілеуін тілейді. Неткен құдіретті мейірім!

2-жүргізуші

Баласы үшін ана бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу — бүкіл өмірге жететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Адам адам болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Ана алақанының қызуы мен ата-ана мейірімін ешбір ас та, ешбір дәрі де алмастыра алмайды.

Би: «Қара жорға»

Айшағұл (орыс тілінде)

Чей сегодня день рождения?
Для кого пекут пирог?
Для кого расцвел весенний
Первый мартовский цветок?
Для кого? Для кого?
Отгадайте сами!
И пирог, и цветок
Мы подарим… Маме! (Балалар хормен)

Гүлнұр

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берген ақ сүтің,
Кең құшағың — аялайтын гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам — біргемін,
Махаббатың жүрегімде, жыр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

3-жүргізуші (орыс тілінде)

Дети — самое дорогое для матери. Ее счастье — в счастье детей. Нет ничего более чистого и святого, чем любовь матери к ребенку. Мать — первый учитель и самый близкий друг: поймет, утешит, поможет, защитит.

Дорогие наши мамы, заявляем без прикрас: ваш праздник — самый радостный для нас!

Тәрбие өзегі: Ана алдындағы парыз

4-жүргізуші

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дегендей, кейде перзенттік борышын түсінбей, анасын ренжітетін жандар да кездеседі. Осындай ойға жетелейтін көріністі тамашалаңыздар.

Көрініс: «Соқыр ана»
Автор: Гүлнұр
Бала рөлінде: Дүйсенғали
Соқыр ана рөлінде: Гүлімжан

Би: «Аққу»

1-жүргізуші

Ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Қазақ отбасында ананың қадірі ерекше айтылады: тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы — Ана.

Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.

2-жүргізуші

Баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, өмірге қанаттандыратын да — ана. Халықтың халықтығының басты нышаны — туған тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан ұлттың рухани өзегі болған тіл ана тілі деп аталады.

Көптілділік және мерекелік әзіл-өлеңдер

3-жүргізуші (орыс тілінде)

Уважаемые родители и учителя! В обращениях к народу подчеркивается важность владения тремя языками. Будущее — в руках тех, кто учится и развивает личность. Мы живем в дружбе, мире и любви среди разных этносов и наций.

А теперь — частушки в исполнении мальчиков и девочек (парами).

Нұртілек & Жасмин

Дорогие наши мамы,
Мы частушки вам споем.
Поздравляем с 8 Марта
И привет горячий шлем.

В женский день 8 Марта
Папа сам варил обед,
И, скажу вам по секрету,
Натворил немало бед.

Жандарбек & Қамар

Вот почистить раз в году
Я решил сковороду.
А потом четыре дня
Не могли отмыть меня.

Целый день 8 Марта
Лена пол мела с азартом,
А девятого числа
Веник в руки не взяла.

Ислам & Гүлдаурен

Кипятила молоко —
Отошла недалеко.
Подхожу к нему опять —
Молока уж не видать.

Подгорели суп и каша,
Соль насыпана в компот.
Как пришла с работы мама —
Было много ей хлопот.

4-жүргізуші

Төгілген маған мейірімің — бейне шуағың,
Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың.
Жасашы, Ана, жасашы — менің тілерім,
Қанатың қомдап ұшса да биік ұланың.

Ән (орыс тілінде): «Улыбка»

Көрініс: Ана мен бала — ең үлкен сабақ

Жағдаят

Арман 9 жаста. Анасының тапсырған үй жұмыстарын орындағысы келмей, қабағы түседі де, анасына «қарыз» туралы хат жазады.

Арманның хаты

Ана, маған үй жұмыстарын істеткеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар:
Нанға бардым — 50 теңге;
Бөлмемді жинадым — 100 теңге;
«5» алдым — 50 теңге;
Қоқыс төктім — 100 теңге;
Компьютер ойнамадым — 50 теңге;
Киімдерімді реттедім — 100 теңге;
Құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым — 50 теңге;
Кір киімдерімді кір жуғыш машинаға салып қойдым — 50 теңге.

Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар.
Уақтылы төлемесеңіз, үстеме қосатынымды ескертемін!

Ананың жауабы

Саған ана сүтін бердім — 0 теңге;
Түнде әлсін-әлсін оянғанда қасыңда болдым — 0 теңге;
Ауырып қалсаң қасыңнан кетпедім — 0 теңге;
Түсінбеген сабағыңды түсіндірдім — 0 теңге;
Сен қуансаң, бірге қуандым — 0 теңге;
Сені жамандықтан қорғауға тырыстым — 0 теңге;
Сені еркелеттім — 0 теңге;
Ұнататын заттарыңды алып бердім — 0 теңге.

Бұл көріністің түйіні біреу: ананың еңбегі есеппен өлшенбейді, мейірімі бағамен бағаланбайды.

Қорытынды құттықтаулар

4-жүргізуші

Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,
Мен үшін пана — нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.

1-жүргізуші

Ана — жұмақ, мен — шуақ саябағы.
Ана — шырақ, мен — сұрақ санадағы.
Ана — теңіз, мен — қайық тербетілген.
Ана — бұлақ, мен — құрақ жағадағы.

2-жүргізуші

Армысыздар, ару апалар, абзал аналар!
Анаға тең келетін бар ма дана?
Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын!

3-жүргізуші (орыс тілінде)

Желаем дней счастливых, ясных,
Побольше света и добра,
Здоровья, радости, успехов,
Покоя, счастья и тепла!

4-жүргізуші

Ана — біздің баға жетпес асыл байлығымыз. Осы асылымызды қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей, аялай білейік.

Бірге (хормен)

Я, ты, он, она — вместе целая страна,
Вместе дружная семья.
В слове «мы» — сто тысяч «я»!

Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда будем мы!

Құрметті аналар, ертеңгілігімізді аяқтай отырып, сыныптас қыздарымызға дайындаған сыйлығымызды табыстауға рұқсат етіңіздер.