Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси - ағартушылық қызметі
Сайыс сабақ: А. Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси-ағартушылық қызметі
Бұл сабақ — қазақ тіл білімінің атасы, қазақ әдебиеттануы мен баспасөзінің негізін салушылардың бірі, ұлттық музыка өнерін зерттеуші әрі композитор, «қазақтың қырық төресінің бірі» атанған Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралы өңіріндегі саяси-ағартушылық қызметін танытуға арналған сайыс форматындағы оқу жұмысы.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының саяси-ағартушылық қызметі туралы теориялық білім беру, оның тұлғалық болмысын тарихи-мәдени контексте пайымдату.
Тәрбиелік мақсаты
- А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқыту және зерттеу арқылы отансүйгіштікке, ана тілі мен әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Ұлт ұстазын қадірлеуге, тарихи тұлғаларға құрметпен қарауға баулу.
Дамытушылық мақсаты
Жан-жақты зерттеу, зерделеу және сараптау қабілеттерін арттыру; дүниетанымды кеңейту.
Әдістер мен технологиялар
Сабақтың әдістері
- сұрақ-жауап
- мәнерлеп оқу
- пікірталас
- зерттеу, зерделеу, сараптау
- шығармашылық жұмыс
- жүйелеу, салыстыру
Ойлау дағдылары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері қолданылады: дерек пен пікірді айыру, дәлелдеу, салыстыру және қорытынды жасау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- белсенді тақта материалдары
- кітап көрмесі: «А. Байтұрсынұлына — 140 жыл»
- буклеттер
- Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған деректі фильмдер
- слайдтар
- ғаламтор желісіндегі материалдар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа даярлығын тексеру
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа.
Осы ой Ахаңның өмірлік мұратын айқындайды: бейқам жатқан елін сауаттандыру, өнер-білімге, мәдениетке жетелеу. Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздық жолын бала оқытудан бастап, оны саналы түрде басты мақсатына айналдырды.
Үй жұмысын тексеру
«Бәйге» ойыны арқылы қайталау жүргізіледі: оқушылар қысқа сұрақтарға шапшаң жауап беріп, негізгі ұғымдарды еске түсіреді.
Жаңа сабақ: ой шақыру
Тест сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа тақырыптың өзегі ашылады. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сенатор-депутат Әбіш Кекілбаев:
«Ахаң ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға».
Осы қанатты сөзді негізге ала отырып, Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралыдағы саяси-ағартушылық қызметіне қатысты ширату сұрақтары қойылады.
Сайыс бөлімі: «Көкпар» ойыны
Ойынның бірінші тарауы — «Алтын қазына». Әр оқушы тек бір ұяшықтан бір сұраққа жауап береді. Оқушылар топқа бөлінбейді: әркім жеке ұпай жинап, сайыста алға шығуға ұмтылады.
1) Ахмет Байтұрсынұлы алғашқы мұғалімдік білім алған қала
- А) Орынбор
- Ә) Торғай
- Б) Омбы
- В) Семей
2) Ахмет есімімен байланысты Мұғалімкөл қай өңірде орналасқан?
- А) Ақтөбе
- Ә) Қостанай
- Б) Қарқаралы
- В) Алматы
3) Ақтерек (Бидайық) елді мекенінде А. Байтұрсынұлы қандай оқу орнын басқарды?
- А) 3 сыныптық мектеп
- Ә) медресе
- Б) барлығы дұрыс
- В) екі сыныптық орыс-қазақ училищесі
4) 1904 жылғы тарихи құзырхат қалай аталды?
(Ахмет Байтұрсынұлы өзімен пікірлес ұлт зиялыларымен бірге жазған.)
- А) Омбы құзырхаты
- Ә) Семей хаты
- Б) Қарқаралы құзырхаты
- В) Қостанай құзырхаты
5) Төмендегі жолдар қандай жағдайда айтылған?
Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамың қуылмаған.
Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ.
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.
Бүркеніп, арсыздардың шайнауына
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған.
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың,
Қасыңа қиын болар жуу маған.
- А) Қарқаралы туралы кітабында
- Ә) Барлығы да дұрыс
- Б) Қарқаралы туралы зерттеу мақаласында
- В) Ахаң бұл жолдарды Қарқаралыда ағартушылық қызмет атқарып жүріп, Семей түрмесіне айдалып бара жатқанда, арсыздық пен арамдыққа қарсы сес білдіріп айтқан
6) Қарқаралыда Ахметтің қасында болған қазақ оқығандары
- А) М. Әуезов, С. Мұқанов
- Ә) С. Торайғыров, М. Көпеев
- Б) Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев
- В) Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев
7) Қарқаралыда ағартушылықпен қатар Ахмет қандай іске араласты?
- А) бес жылдан аса Қарқаралы кітапханасының жұмысына араласты
- Ә) банк жұмысына
- Б) газет бастыруға
- В) денсаулық сақтау қызметіне
8) Қазақ тарихында «Алаш кезеңі» деп қай уақыт аралығы аталады?
- А) 1900 жылдар
- Ә) 1890–1990 жылдар
- Б) 1905 жылғы Қарқаралы петициясынан бастап, 1937–1938 жылдардағы алаш зиялыларының жаппай атылуына дейінгі аралық
- В) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жылдары
9) Сипаттама кімге қатысты?
Кеңес билігі тұсында саяси, мемлекеттік және ағартушылық қызмет атқарды; жаппай сауатсыздықты жоюға белсенді үлес қосты; қазақ мәдениеті мен ұлттық өнерін дамытуға қызмет етті; қазақ мемлекеттігін құру жолында қажырлы еңбек етті.
- А) А. Құнанбаев
- Ә) Ә. Бөкейханов
- Б) Ш. Уалиханов
- В) А. Байтұрсынұлы