Мәтінді жою пернелері
Қызылорда қаласы • Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп
Мұғалім: Баян Баймишева • Пәні: Информатика • Сыныбы: 5
«Балдәурен информатиктер» сайысы: мақсат, құрылым және өткізу барысы
Бұл сыныптан тыс іс-шара оқушылардың информатика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыруға, белсенділігін күшейтуге және шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған. Сонымен бірге оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, мұғалімдер қауымын құрметтеуге баулиды.
Білімділік
Оқушылардың жинақтаған білімдерін тексеру, жүйелеу және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Тәртіпке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулу; сыныптастарымен мәдени қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, логикалық ойлауды, абстракцияны және ұжыммен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі
Сыныптан тыс сайыс
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай – адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген,
Компьютер емей немене?
Бәріңіз маған қараңыз! Сайысымызды бастайық, алуан түрлі ойларды ортамызға тастайық.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Мектепішілік «Балдәурен информатиктер» білім сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі білімділік пен тапқырлыққа негізделген сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар алқасы
Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасы:
____________________________________________________________________________
Сайыс бөлімдері
-
1-бөлім
Таныстыру
-
2-бөлім
Кім жылдам?
-
3-бөлім
Сұрақ-жауап
-
4-бөлім
Ғажайып алаңы
-
5-бөлім
Жұмбақтар әлемінде
-
6-бөлім
Капитандар сайысы
-
7-бөлім
Қорытынды
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес —
Шапалақ соғыңыз, білімді жас талантқа!
1-бөлім: Таныстыру
Әр топтың басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.
2-бөлім: Кім жылдам?
Білім деген биік шың —
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың —
Қиындықтан өткізер.
Әр сөз 1 ұпаймен есептеледі.
Жылдамдық + Дәлдік3-бөлім: Сұрақ-жауап
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
1-топ
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі: бит.
- Ақпаратты шығару құрылғысы: принтер.
- Бума дегеніміз не?
- Вирусты тауып, жоятын бағдарлама: антивирус.
- Бір байтта қанша бит бар? 8.
2-топ
- Жойылған нысандар орналасатын қапшық: себет.
- Компьютердің «миы»: процессор.
- Файл атауында қолданылатын символдардың ең үлкен саны?
- Мәтінді жою пернелері: Delete, Backspace.
- Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы: монитор.
3-топ
- Компьютер жанына қойылатын өсімдік: кактус.
- Бір байт неше биттен тұрады? 8.
- Файл дегеніміз не?
- Сурет салуға арналған бағдарлама: Paint.
- Көп пернелі құрылғы: пернетақта.
4-топ
- Алмасу буфері дегеніміз не?
- Қоржынды жоюға бола ма?
- Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
- Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне: Caps Lock.
- Қазақша әріптер пернетақтаның қай бөлігінде орналасқан?