Отырыңдар балалар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мекеме
Павлодар қаласы, М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі (ММ)
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Смағұлова З.Ж.
Сабақ тақырыбы
Дене мүшелері
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру; жаңа сөздерді дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық
Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру; дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетелеу.
Тәрбиелік
Салауатты өмір салтына қатысты тәрбиелік мазмұнда әңгімелер жүргізу.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Кеспе қағаздар
- Дене мүшелеріне байланысты слайдтар
Пәнаралық байланыс
Валеология, математика
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Әр қағазда берілген бұйрықты оқушы орындап көрсетеді.
Мысал бұйрықтар
- Оң қолыңды көтер.
- Сол аяғыңды көрсет.
- Оң қолыңа қалам ал.
III. Жаңа сабақ
Мұғалім сыныптағы оқушыларға бағытталған қысқа бұйрықтар арқылы жаңа сөздерді әрекетпен бекітеді.
Ауызша жұмыс (бұйрықтар үлгісі)
Балалар, орындарыңнан тұрыңдар.
Балалар, орындарыңа отырыңдар.
Арман, оң қолыңды көтер.
Әсел, сол қолыңды көтер.
Арман, екі қолыңды көтер.
Әсел, тақтаға шық.
Мақсат, оң аяғыңды көтер.
Маржан, сол аяғыңды көтер.
Әсел, кітабыңды аш.
Маржан, дәптеріңді жап.
Айдар, сен тұр.
Мақсат, сен отыр.
Арман, сен отыр. Отырыңдар, балалар!
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз.
Неше?
... қол
Неше?
... саусақ
Неше?
... аяқ
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына аудармасын қойып жаз; сөздерді жаттап ал.
| Орысша | Қазақша |
|---|---|
| Бровь | қас |
| Палка | таяқ |
| Раньше | бұрын |
| Голова | ... |
| Нога | ... |
| Нос | ... |
3-тапсырма
Оқы, аудар.
Көзбен көреді.
Мұрынмен дем алады.
Құлақпен естиді.
Қолмен ұстайды.
Аяқпен жүреді.
Жаттығу: жалғаулар (-да, -де) және (-та, -те)
5-тапсырма
Оқы, аудар, жаз.
(-да, -де)
- Қала...
- үй...
- Дана...
- әжем...
- досым...
- үйірме...
(-та, -те)
- сынып...
- ағаш...
- сабақ...
- мектеп...
- күнделік...
- Меруерт...
6-тапсырма
Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- 1) Әйгерім (-да, -де) қуыршақ бар.
- 2) Күз (-да, -де) жаңбыр жауады.
- 3) Сабақ (-та, -те) Қанат жоқ.
- 4) Отбасым (-да, -де) бес адам бар.
- 5) Қыркүйек (-та, -те) күн салқындайды.
7. Қорытынды
Еркін жауап. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, тақырып бойынша қысқаша қорытынды жасайды.
8. Үй тапсырмасы
5-тапсырма, 40-бет — жаттау.