Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, №58 жалпы орта мектебі (коммуналдық мемлекеттік мекеме)

Пән және мұғалім

Информатика пәні мұғалімі: Гасанова Зохра Атахановна

Сынып

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

§21. Inkscape — векторлық графика редакторы

Сілтемелер мен ресурстар

  • Информатика оқулығы (7-сынып)
  • Жұмыс дәптері (7-сынып)
  • Мұғалім кітабы

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолдана отырып жұмыс істеуін ұйымдастыру және практикалық тапсырмалар арқылы құралдар мен командаларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  1. 1 Жұмыс үстелін және оның құрылымын сипаттап, бағдарламаны іске қоса алады.
  2. 2 Inkscape құралдарын пайдаланып, компьютерде практикалық тапсырмаларды орындай алады.
  3. 3 Әртүрлі бейнелерге құралдар мен командаларды қолданып, өңдеу әрекеттерін орындай алады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл Ой қозғау Джигсо Сөздер банкісі Практикалық жұмыс Сәйкестендіру тесті

Сабақ кезеңдері

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Оқушыларды 4 топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүргізіледі.

Сұрақтар

  1. Өздеріңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін атаңдар және олардың мүмкіндіктерін сипаттаңдар.
  2. Суреттер көбінесе қандай пішімдерде сақталады?
  3. Графикалық файлдардың қандай пішімдерін білесіңдер? Қалай ойлайсыңдар, файл пішімі оны жасаған бағдарламаға байланысты ма?

Бекіту

«Сөздер банкісі» тәсілі: қажетті терминдерді таңдап, «банкіге» орналастыру.

3) Жаңа тақырыпты ашу

«Ой қозғау» кезеңінде оқушылар венгр сөзжұмбағын шешіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

4) Тақырыпты меңгеру

«Джигсо» әдісі арқылы тақырып бөлімдерге бөлініп, топтарға беріледі. Оқушылар бір-біріне түсіндіріп, қорытынды жасайды.

Жұмыс түрлері

  • Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
  • Компьютерде тәжірибелік (практикалық) жұмыс орындау.

5) Сергіту сәті

Оқушыларды «Мария Магдалена» әуенімен қысқа қимыл-қозғалысқа қатыстыру.

6) Білімді тексеру

Сәйкестендіру тесті арқылы негізгі ұғымдар мен командаларды бекіту.

7) Қосымша материал

Толық нұсқасын жүктеу (қосымша файл/сілтеме арқылы).