Қыс мезгіліне дайындық
Сабақ тақырыбы
Математика (3-сынып): Шеңбер және дөңгелек (слайдтармен)
Түрі
Дәстүрден тыс сабақ
Типі
Жаңа материалды меңгерту
Формасы
Көпшілік, топтық, жеке
Сабақтың мақсаты
-
Білімдік: дөңгелек, шеңбер, радиус, диаметр ұғымдарын қалыптастыру; осы ұғымдарды қолданып жаттығулар орындату; шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы мен қасиеттерін түсіндіру және меңгерту.
-
Дамытушылық: әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру; ойлау қабілетін, жұмыс жылдамдығын және танымдық белсенділігін дамыту.
-
Тәрбиелік: сабақ барысындағы мәдениеттілікке баулу және дәптерде сауатты, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Әдістері мен ресурстары
Әдістері
Түсіндіру, әңгімелесу, салыстыру, көрнекілік, ойын.
Принциптері
Көрнекілік, түсініктілік.
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, қима қағаздар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
Мұғалім оқушылармен амандасады, көңіл күйін сұрайды және сабаққа дайындықтарын тексереді.
Психологиялық дайындық: «Төрт байлық»
-
Денсаулық — бірінші. «Жадыңда жүрсінші!» (бір орында адымдап жүру)
-
Еркіндік — «Құсша самғап желпіндік». (құсша ұшу қимылы)
-
Тіл — «Онсыз жоқ-ау күніміз». (дөңгеленіп айналып, секіру)
-
Күш-қайрат — «Арманыңа ұш, жайлап!» (тік тұрып, қолды жоғары созып, түсіру)
2) Үй жұмысын тексеру
3 минут
Өткен сабақты пысықтау үшін үй тапсырмасы тексеріледі: 103-бет, №5 есеп. Оқушылар дәптерлерін ашып, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады.
Бағалау тәсілі: өзін-өзі бағалау. Әр оқушы бағалау парағындағы «Үй тапсырмасы» бөліміне өз бағасын қояды.
3) Жаңа сабаққа дайындық (тақырыпты ашу)
3 минут
Сабақ ойын түрінде өтеді: «Қыс мезгіліне дайындық». Әр тапсырманы орындаған сайын біз қажетті «қорды» жинаймыз. Бұл жұмыста Күз ханшайымы көмектеседі.
Тақтада нүктелер берілген. Нүктелерді біріктіру үшін төмендегі көбейту есептерін орындаймыз:
3×6 = ___
4×6 = ___
6×10 = ___
6×5 = ___
6×6 = ___
6×7 = ___
6×8 = ___
6×9 = ___
Есептерді орындаған соң нүктелерді қосамыз. Нәтижесінде қандай фигура шығады? Шеңбер.
4) Жаңа материалды меңгерту
20 минут
Бүгінгі тақырыбымыз — «Шеңбер және дөңгелек». Сабақ барысында шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын және олардың негізгі қасиеттерін қарастырамыз.
Негізгі ұғымдар: шеңбер, дөңгелек, радиус, диаметр.
Бұл ұғымдарды қолдана отырып, жаттығулар орындаймыз және мысалдар арқылы түсінігімізді бекітеміз.