Жасырынған сөздерді тұспалдап айту

Автор туралы

Өңір / Мектеп

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі

Пәні / Мұғалім

Тарих пәні мұғалімі — Сағымбаева Жансая Мергенбайқызы

Мақсаты

  • 1

    Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат екенін, өмір сүрудің қажеттілігін және оның ең бағалы байлық екенін түсіндіру.

  • 2

    Қимыл-қозғалысқа жаттықтыру, еңбекке баулу, елін-жерін қорғауға қажетті күш-қуатты арттыру.

  • 3

    Тазалықты, жеке бас гигиенасын сақтауды және мәдени дағдыларды қалыптастыру.

Іс-шараның барысы

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер! Бүгінгі «Дені сау — жаны сау» атты спорттық ойын-сайысымызға қош келдіңіздер!

Ойынымызды бақылап, әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыс кезеңдері (8 бөлім)

  1. 1. Таныстыру

    Топтың аты мен ұраны.

  2. 2. Мақалды жалғастыру

    Денсаулық туралы мақал-мәтелдер.

  3. 3. Шарды иықпен алып жүру

  4. 4. Асық ату

  5. 5. Жасырын сөздерді тұспалдап айту

  6. 6. Жіппен секіру

  7. 7. Жұмбақ шешу

  8. 8. Қол күрес

І кезең: Таныстыру

Ат өнері білінбес,
Бәйге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.

Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады.

ІІ кезең: Мақалды жалғастыру

1. Бірінші байлық — денсаулық.

2. Тазалық — денсаулық кепілі.

3. Көзің ауырса — қолыңды тый, ішің ауырса — ауызыңды тый.

4. Ауру қалса да, әдет қалмас.

5. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

6. Дені сау — жаны сау.

7. Күш — білімде, білім — кітапта.

8. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

ІІІ кезең: Шарды иықпен алып жүру

Бұл кезеңде сайыскерлер шарды иықпен алып жүру арқылы ептілік пен тепе-теңдікті көрсетеді.

IV кезең: Асық ату

Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Құйрық жеген озар.

Келесі сайыс — мергендікті, дәлдікті танытатын асық ойыны. Сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

V кезең: Жасырын сөздерді тұспалдап айту

Командалар берілген сөздерді тікелей айтпай, ишарамен немесе сипаттап жеткізеді.

1

Штанга

2

Тарақ

3

Айна

4

Асық

5

Скакалка

6

Футбол

7

Мылтық

8

Граната

9

Суда жүзу

10

Доп

11

Сабын

12

Сүлгі

VI кезең: Жіппен секіру

Бұл кезең қозғалыс белсенділігін арттырып, төзімділік пен жылдамдықты сынайды.

VII кезең: Жұмбақ шешу

1) Өзгенің тазалығы үшін, өзін құрбан етеді. (жауабы бар)

Жауабы: сабын.

2) Аузы жоқ, тісі бар. (жауабы бар)

Жауабы: тарақ.

3) Дамыл таппай жұтқаным — өмір нәрі екенін ұққаным. (жауабы бар)

Жауабы: ауа.

4) Есіктің алды — тұрағы, иесін күтіп тұрады. (жауабы бар)

Жауабы: аяқ киім.

5) Ұяда 32 жұмыртқа бар, күнде жуып тұрмасаң, сынып қалар. (жауабы бар)

Жауабы: тіс.

6) Жуындырып жағаны, сылдыр қағып ағады. (жауабы бар)

Жауабы: су.

7) Бір шешен, бір көсем, алты ағайын бірге туған — білгің сен. (жауабы бар)

Жауабы: құлақ, көз, ақыл, тіл.

8) Жазда шалқып жатады, қыста қорқып қатады. (жауабы бар)

Жауабы: су.

VIII кезең: Қол күрес

«Күш атасын танымас» дегендей, енді сайыскерлеріміздің күш сынасуын тамашалайық.

Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған. Ендеше, ХХІ ғасыр жастары да ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрсін.

Әр командадан бір оқушыдан шақырылады.

Қорытынды

Қорытынды сөз

Қорытынды сөз кезегін Карчалова Бақыткүл апайға береміз.

Тілек

Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Бойларыңда шоқ бар екенін байқадым.
Ешқашан осы шоқты өшірмей,
Әрқашан биіктерде болыңдар!

Осымен «Дені сау — жаны сау» атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды.