Сабақтың тақырыбына байланысты міндет
Сабақтың тақырыбы
С. Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашуға жағдай жасау.
Сабақтың түрі
Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Міндеттер
Сабақ тақырыбына байланысты
- 1 «Тұлпарым» өлеңін мәнерлеп оқи алады.
- 2 Өлеңнің идеялық мазмұнын аша біледі.
- 3 Өлеңнің құрылысына талдау жасай алады.
Сын тұрғысынан ойлау
Негізгі мәселені жеке, жұппен және топпен анықтай алады.
Күтілетін түйін
Өлеңдегі өзекті ой: темір тордағы ақынның бостандықты аңсауы.
Ресурстар мен байланыстар
Көрнекіліктер
- Интерактив тақта
- Маркер, плакат
- Портрет
- Қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- География
- Қазақ тілі
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (3-кітап), С. Т. Елікбаев
- «Тарихи тұлғалар»
- Б. Кенжебаев, «Жылдар жеңісі»
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
I. Қызығушылықты ояту
Талқылау сұрағы: Сәкен Сейфуллин туралы не білесіздер?
1-топ
Ақынның өмірбаяны
2-топ
Ақынның шығармалары
3-топ
Ақынның достары, қоршаған ортасы
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
II. Мағынаны тану
Суреттер бойынша не ойлайсыз? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.
- Өлеңдегі ақын көтерген өзекті мәселе қандай?
- Ақын қандай күйді, қандай мұратты алға тартады?
1–2 баған бойынша оқушылардың болжам пікірлері сұралады, кейін өлең мазмұнымен салыстырылады.
Негізгі тұжырым: темір тордағы ақын бостандықты армандайды.
Мәнерлеп оқу
- Өлеңді бірнеше оқушы мәнерлеп оқиды.
- Суреттер мен дыбыстық сүйемелдеу қолданылады.
- «Не болды?» бағаны толтырылып, бастапқы пікір мен мәтін мазмұны салыстырылады.
«Әдебиет үйірмесі» рөлдік жұмыс
Бейнелеуші
Ақын асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді?
Дәнекер
Көз алдыңызға кең дала мен жасыл жайлау елестегенде қандай әсер аласыз?
Іздеуші
Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтап, өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдаңыз.
Топтардың пікірлері тыңдалады.
III. Ой-толғаныс
Сұрақ: Сіздер Сәкен аталарыңыздың ісін қолдайсыздар ма? Егер қолдасаңыздар, ақынға ашық хат жазыңыздар.
- Кері байланыс парағы толтырылады.
- Бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
«Тұлпарым» өлеңін жаттау.