Жасырылған сандарда ата

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандардың ондық құрамы

Бұл сабақ 2-сынып оқушыларына екі таңбалы сандардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар қосу мен азайтудың тәсілдерін талдап, қорытынды жасап, кестелік есептеулерді қайталайды және есепке сай сызба сала білу дағдыларын дамытады.

2-сынып Аралас сабақ Топтық жұмыс АКТ

Мақсаттары

Білімділік

  • Екі таңбалы сандар және олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін талдау және қорытынды жасау.
  • Кестелік қосу-азайту мысалдарын топта қайталау.
  • Есепке сәйкес сызба сала білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру.
  • Логикалық ойлау мен танымдық қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, тазалыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Табыс критерийлері

Коммуникация

Оқушылар өз ойын анық жеткізуге тырысады, пікірін айтады.

Ойлау дағдылары

Шығармашылық және логикалық тапсырмалар арқылы ой-қиялы дамиды.

Ынтымақтастық

Топпен жұмыс істеуді, жұпта талқылауды үйренеді.

Бағалау

Өзін-өзі бағалауға және кері байланыс беруге дағдыланады.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Жеке жұмыс
  • Топпен жұмыс
  • Жұппен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • АКТ
  • Диалогтік оқыту
  • Миға шабуыл
  • Түсіндіру
  • Талдау–жинақтау
  • Ойын

Көрнекіліктер

  • Суреттер, қима сандар, үлестірмелі материалдар.
  • Интерактивті тақта.
  • Бағалау парағы.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты түрлі түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу: стикерлерге 1, 2, 3 сандарын жазып, оқушыларды үш топқа орналастыру.

2) Психологиялық ахуал

Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім — білім бе?!

3) Қызығушылықты ояту

«Есептеу машинасы» ойыны

А тобы

2+1+7−8+10−2−4+1 = 7

Ә тобы

6+2−4+4−3+5−2−4 = 4

Б тобы

4−3+9−8+7−3+2−6 = 2

Бой жазу (сұрақ-жауап)

  1. 1.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
  2. 2.Қосуға кері амалды ата.
  3. 3.Белгісіз азайғышты қалай табамыз?
  4. 4.Бір аптада неше күн бар?
  5. 5.Партаның неше бұрышы бар?
  6. 6.Бүгін аптаның нешінші күні?
  7. 7.Шеңберде бұрыш бола ма?
  8. 8.3 алма көп пе, әлде 3 алмұрт көп пе?
  9. 9.Екі сиырдың мүйізі нешеу?
  10. 10.Бес баланың аяғы нешеу?
  11. 11.Бес қойдың басы нешеу?
  12. 12.Үш адамның қолы нешеу?
  13. 13.12 саны туралы не айта аламыз?
  14. 14.17 саны туралы не білеміз?

4) Мағынаны тану

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Екі таңбалы сан ондық және бірлік құрамынан тұрады. Санның бірінші цифры — ондықтарды, екінші цифры — бірліктерді білдіреді.

№1. Кестемен жұмыс

Оқулықтағы кесте бойынша екі таңбалы сандардың ондық және бірлік құрамын талдау.

№2. Математикалық диктант

Уақыты: 7 минут

Берілгені

7 ондық, 6 бірлік

Берілгені

4 ондық, 7 бірлік

Берілгені

8 ондық, 1 бірлік

Берілгені

5 ондық, 5 бірлік

Берілгені

10 ондық, 0 бірлік

Берілгені

8 ондық, 2 бірлік

Тапсырма: берілген ондық пен бірлікке сәйкес екі таңбалы санды жазу.

№3. Ауызша жұмыс

а) Салыстыру

Алдыңғы сан нешеуге кем? Кейінгі сан нешеуге кем?

ә) Жасырылған сандар

Жасырылған сандарды атау және көршілес сандарды табу.

Уақыты: 5 минут

№4. Ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазу

Кестедегі санды атап, оны ондықтар мен бірліктердің қосындысы ретінде жазу (мысалы: 47 = 40 + 7).