Тиіндер ағаштан ағашқа

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік

Оқушыларға етістік туралы түсінік беру; заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге және оларды мәтіннен таба білуге үйрету.

2) Дамытушылық

Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру; ой-өрісін дамыту; сауатты әрі көркем жазуға төселдіру.

3) Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, әдептілікке, сауаттылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жұбан Молдағалиев:
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

Кемеңгер ақын-жазушыларымыз айтқандай, туған тіліміз — қазақ тілі. Бүгінгі сабақта да тіліміздің байлығын танып, сөздерді дұрыс қолданып үйренеміз.

Сабаққа дайындық

  • Оқушылардың қатысуын және құралдарын тексеру
  • Ашық сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау

Бағалау тәртібі

Топтар ұпай жинайды, бағалау асық арқылы жүргізіледі. Топ басшысы әр тапсырма бойынша мүшелерінің белсенділігін белгілеп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру және жаңа тақырыпты ашу

Қайталау

  • Ережені сұрау
  • Өткен сабақты қорытындылау

Ребус арқылы тақырыпты табу

Етік + Сағат + Тікұшақ

Оқушылар ребусты шешіп, жаңа тақырыптың атауын айтады.

Жаңа сабақ: етістік

Ереже

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? сұрақтары қойылады.

өсті ойнады сайрады

Суретпен жұмыс және 354-жаттығу

Зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраймыз. Құрылған сөйлемдер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіруі керек.

Мысал: Бала ағаш жарды.

Сұрағы: Не істеді?

Мысал: Айнұр гүлге су құйды.

Сұрағы: Не істеді?

Ой қозғау: әр топтан бір оқушы сөйлемдерін оқып, етістікті көрсетеді.

355-жаттығу: жұмбақ шешу

Жұмбақтарды оқып, шешуін табамыз және ішінен етістікті анықтаймыз.

1) Жазда қыдырады, қыста тынығады.

Жауабы: Су

2) Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.

Жауабы: Күн

356-жаттығу: көп нүктенің орнын толтыру

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазамыз.

жүреді жасырынады болады секіреді

Тоғайда түрлі аңдар ......

Терең шатқалға қояндар ......

Қызыл түлкі тоғайда ......

Тиіндер ағаштан ағашқа ......

Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды, қалғандары дәптерге жазады.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландырамыз.

Топтық жұмыс және бекіту

357-жаттығу: берілген етістіктермен сөйлем құрау

Әр топқа бір етістік беріледі. Оқушылар плевчартқа ой бөлісіп, сөйлем құрастырады.

1-топ: Қонды

2-топ: Жауды

3-топ: Тасыды

4-топ: Жүзді

Мысал: Биыл қой жылы қар қалың жауды.

Әр топтан бір оқушы өз жұмыстарын оқып, етістікті көрсетеді.

«Кім тапқыр?» ойыны (жеке жұмыс)

358-жаттығу: берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, олардың етістік екенін дәлелдеу.

көгершін жасыл жинады айтты алыс сөйлесті ертең байлады

«Жалғастыр» ойыны

Мұғалім зат есімді айтады, оқушылар оған сәйкес етістікті жалғайды.

Мысал: Қар — жауды.

Қорытынды және кері байланыс

Қорытынды сұрақ

Бүгін біз не үйрендік? Оқушылар етістіктің анықтамасын айтып, мысал келтіреді.

Стикер арқылы кері байланыс

Оқушылар стикерге жаңа тақырып бойынша түсінгендерін қысқаша жазады: ереже, сұрақтар, мысалдар.

Бағалау

Топтардың жинаған ұпайлары жарияланады. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланып, мадақталады.

Үй тапсырмасы

359-жаттығу

«Білім керек бәріне» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.