Өтілгенді пысықтау

Сабақтың барысы

Бұл сабақта дыбыс пен әріптің айырмашылығы, сөздің айтылуы мен жазылуы арасындағы ерекшеліктер ойын түріндегі тапсырмалар арқылы қайталанып, бекітіледі.

Қайталау Топтық жұмыс Орфография

I. Ұйымдастыру

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмаларды түсіндіріп, жұмыс тәртібі мен бағалау ұпайларын хабарлайды.

II. Өтілгенді пысықтау

Алдын ала білімді еске түсіру үшін сұрақ-жауап жүргізіледі:

  1. Сөз деген не?
  2. Сөздің негізін не құрайды?
  3. Сөз құрылымындағы дыбыс пен әріп саны әрдайым бірдей бола ма?
  4. Мысал келтіріп, дәлелдеңдер.

III. Жаңа сабақ (қайталау және бекіту)

Бүгін біз дыбыс пен әріпке қатысты негізгі мәселелерді қайталап, пысықтаймыз. Ол үшін екі топқа бөлініп, төмендегі тапсырмаларды орындаймыз. Дайынбыз ба?

1) «Кім сөз жасай алады?»

Дыбыстарды дұрыс тіркестіріп, сөз құрау

I топ

таа, ашағ, тсыу, млбаа, зық

II топ

ққаза, ітл, аадм, іжітг, наа

Жауаптары

ата, ағаш, туыс, балам, қыз, қазақ, тіл, адам, жігіт, ана

2) «Бұл қай сөз?»

Торкөздердегі жетіспейтін әріптерді толықтыру

I топ

_а_а_ _ _а_

Қазақстан

_а_а_а_ _а_ _а_

Қарақалпақтар

II топ

_ы_ _ы_ы_ _ы

қызғылықты

т_т_ _ _т_ _

Татарстан

3) «Кім айтып жіберер екен?»

Сұраққа бірінші жауап берген топ ұпай алады
  1. Ш-дан басталып, ш-ға аяқталатын қай малдың аты? (шыбыш)
  2. Ж-дан басталса — жыл мезгілі, қ-дан басталса — белгілі құс. (жаз, қаз)
  3. Фонетикалық екі ұғым: бірі айтылады да, естіледі; екіншісі жазылады да, көрінеді. (дыбыс пен әріп)
  4. Бір ағашта отыз жеті алма бар. Жемек болсақ: он екісі тамағыңнан еркін өтеді, қалғандары қақтығысып барып өтеді. (дауысты және дауыссыз дыбыстар)

4) «Әріптерді қосып оқыңдар»

Дауыстыны дауыссызға қосып оқу (жазбаша жауап)

Дауыссыздар

Ж п н д б р н р с б р у з ж б қ ш л р м з г л н д б у р н ж з п ш н д т л п ж т қ н қ з н с б р қ р к қ п п й д

Дауыстылар

А а а і е е а а ы а ы а ы а е і і е а ы а ы і і е о ы а а а ы а а ы а о е ы а а

Шыққан жұмбақ

Жапанда бір нәрсе бар, аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.

Шешуі: кітап

5) «Орнына қой…»

Дұрыс әріпті таңдап, сөзді толықтыру

I топ

  • Ше(г, к)ара
  • ба(ш, с)шы
  • Жа(м, н)пейіс

II топ

  • Сө(з, с)сіз
  • сә(ң, н)қой
  • Қорға(н, м)бек

6) «Бұл қандай ықпал?»

Сөздерді тіркестіріп, ықпал түрін анықтау

I топ

Боз, қоңыр, қызыл, ту + қой

II топ

Ала, торы, сары, көк + ат

7) «Неше әріп, неше дыбыс?»

Сөздердегі әріп пен дыбыс санын анықтау

I топ

Ноян, таяқ, аялда, тоғай

II топ

Қоян, аяқ, жаяу, мая

8) «Кім шапшаң?»

Ішінде «һ» дыбысы бар сөздер құрастыру

Тапсырма: ішінде һ дыбысы бар бірнеше сөз ойлап, жазып шығыңдар.

Қорытынды және бекіту диктанты

Сабақ соңында дыбыс пен әріптің айырмашылығын және емле ерекшеліктерін тағы бір рет еске түсіреміз. Төмендегі мәтінді толықтырып, дәптерге жазыңдар:

Қазақ тілінде әріп бар. Оның дыбыс.
Дыбыс бөлінеді. Дауысты дыбыс , ал дауыссыз дыбыс .
Дыбысқа , , , , әріптері кірмейді.
Оның ішінде , — таңба, ал , , дыбыстары қосарлы дауыстылар қатарына жатады.
Ю дыбысы + дыбыстарының қосындысы, Я дыбысы + дыбыстарының қосындысы, ал Ё дыбысы + дыбыстарының қосындысы.

Бағалау

Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайлары есептеледі. Жеңімпаз топ анықталып, марапаттау жүргізіледі.