Музыка тыңдату
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
XIV–XVI ғасырлардағы музыка өнері
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу
- Репродуктивтік тәсіл
- Сұрақ-жауап
Оқыту формасы
- Ұжымдық
- Жеке-даралап оқыту
Пәнаралық байланыс
Тарих, өнер
Көрнекіліктер мен құралдар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға кәсіби музыка өнерінің даму кезеңдерін ұғындыру, XIV–XVI ғасырлардағы музыка өнерін меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың музыкалық сауатын одан әрі дамыту.
Тәрбиелілік
Классикалық музыканы тыңдай білуге және түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу.
- 2Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- 3Назарды сабаққа аудару, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Әлем халықтарының кәсіби музыка өнері
Қойылатын сұрақтар
- 1Құл иеленуші және алғашқы феодалдық қоғамдағы музыка мәдениетінің дамуы неге байланысты болды?
- 2Тыңдауға арналған музыка алғаш рет қай елде орындалды?
- 3Қандай музыкалық аспаптар жетілдіріліп, олардың жаңа үлгілері пайда бола бастады?
- 4Музыка туралы еңбектер жазған қандай ірі тұлғаларды білесіңдер?
- 5Қалалар мен қамал-қорғандарда қандай музыка жанрлары өрбіді?
- 6Қандай вокалдық және вокалдық-аспаптық шығармалар жазыла бастады?
- 7 Көптеген музыкалық жанрларды асқан шеберлікпен дамытып, биік шыңға көтерген қандай композитор? Иоганн Себастьян Бах
III. Үй тапсырмасын бекіту
Музыка тыңдату арқылы оқушылар ән, би, күй, марш жанрларын; халықтық, композиторлық және кәсіби музыканы; сондай-ақ қарапайым және күрделі музыкалық құрылымдарды ажыратады. Тыңдау барысында динамикалық белгілерді уақытында көрсетіп отырады.
Тыңдалым 1
Халық әні: «Ахау, керім»
Тыңдалым 2
Сейтек: «Сексен ер»
Тыңдалым 3
Г. Свиридов: «Метель» (вальс)
Тыңдалым 4
Ф. Мендельсон: «Марш»
IV. Жаңа материалды меңгерту
XIV–XVI ғасырларда Орта Азияда, Араб халифатында, Иранда, Үндістанда, Қытайда және Жапонияда феодалдық музыка мәдениетінің ерекше түрлері қалыптасты. Бұл кеңістікте халықтық және сарайлық шығармашылық үрдістер қатар дамыды.
Муқам, мақам және рок сияқты жанрлар айрықша көрініс тапты.
Қайта өрлеу дәуірі (XIV–XVI ғғ.)
Қайта өрлеу кезеңінде Батыс және Орталық Еуропада музыка мәдениеті жаңа қоғамдық сипат ала бастады. Тұрмыстық әндер мен аспаптық әуендерге қызығушылық күшейді.
Виола аспабының орнын біртіндеп скрипка және виолончель басты. Италиялық шеберлер А. Н. Амати, Дж. Гварнери, А. Страдивари есімдері әлемге кеңінен танылды.
Стильдер мен бағыттар
- Барокко: итальян операларының өрістеуі.
- Классицизм: еуропалық музыкалық формалардың орнығуы.
- Рококо: француз аспаптық музыкасының нәзік мәнері.
Иоганн Себастьян Бах (1685–1750)
Неміс композиторыИоганн Себастьян Бах — неміс халқының ұлы композиторы. Ол «Матфейге құмарлық», «Иоанға құмарлық» және «Құдіретті месса» сияқты ірі вокалдық-аспаптық шығармалар жазды.
Бахтың туындыларында діни тақырып адам баласының дүниедегі орны, өмір мен өлім жайлы терең философиялық толғаныспен астасады.
Оның оркестрге арналған «Бранденбург концерттері» деп аталатын алты концерті, оркестрлік сюиталары, органға арналған шығармалары, партиталары және басқа да көптеген еңбектері бар.
Музыкалық сауаттылық: сөздік
Концерт
Көлемді жанрлардың бірі. Мағынасы екі түрлі: 1) өнер шеберлері қатысатын музыкалық кеш; 2) көлемді әрі күрделі аспаптық шығарма.
Месса
Католик дәстүрінде жексенбі күні құдайға құлшылық ету кезінде орындалатын діни ән-мәтіндер циклі.
Рондо
Негізгі тақырыбы бірнеше рет өзгеріп, қайталанып отыратын, аспаптарға арналған шабытты шығарма.
Фуга
Бір немесе бірнеше тақырыпты барлық дауыста бірінен соң бірін жүргізіп, имитацияға негізделген полифониялық шығарма.
Симфония
Грек тілінен: «дыбыстар бірлестігі». Әдетте үлкен құрамға арналған көп бөлімді оркестрлік шығарма.
Классикалық музыка
Ең жоғары көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, уақыт сынынан өткен және музыка өнерінің алтын қорына енген шығармалар.
Менуэт
Француз биі. XVII ғасырдан бастап менуэт жеке жанр ретінде кең тарады.
Прелюдия
Әдетте пьесалардан бұрын орындалатын, аспаптарға арналған шағын кіріспе бөлім.
Кантата
Аспаптық сүйемелдеумен орындалатын вокалдық шығарма.
Токката
Өте жылдам, анық екпінде орындалатын, фортепианоға немесе органға арналған виртуозды аспаптық пьеса.
Полифония
Бір уақытта естілетін көпдауысты музыка.
V. Жаңа материалды бекіту
Музыка тыңдату
Оқушылар музыка тыңдай отырып, динамикалық белгілерін қатар көрсетіп отырады.
Фуга
Токката, «Badinerie»
Хорал
Адажио
Ән орындату
Дайындық
Дауыс жаттығулары
Ән 1
Ю. Чичков: «Дружат музыка и дети»
Ән 2
Н. Тілендиев: «Біз — Отанның ұланымыз»
Ән үйрету жолдары
- 1Өлшемін, сазын, екпінін, характерін анықтау.
- 2Динамикалық белгілермен жұмыс.
- 3Дикциямен жұмыс.
VI. Қорытындылау
Оқушылардың алған білімін тексере отырып, сабақ қорытындыланады.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауы ескеріле отырып бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы
XIV–XVI ғасырлардағы музыка өнері (тақырыпты оқу және қайталау).