Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп, Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз
Абай Құнанбаев
Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз
(М. Ю. Лермонтовтан)
Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз,
Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз.
Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз.
Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын,
Менің не мұнша қапа, қысылғаным?
Үміт пе, өкініш пе ойланғаным?
Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,
Өмірге өткен титтей өкінбеймін.
Азатгық пен тыныштық көксегенім,
Ұйықтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін.
Өлімнің ұйқысы емес іздегенім,
Ұйқы, тыныштық, ұмыту — бер дегенім.
Көкірегімде өмірдің күші тұрып,
Іздеймін дем алысты үзбегенін.
Су сылдырап, жел гулеп, күн шуақтап,
Жылылық пен достықты тұрсын мақтап.
Өнген, өскен жақсы деп емен ағаш,
Теңселіп айтып тұрса, ол шайқақтап.
Абай - аудармашы. Абайдың орыс ақын-жазушыларынан аударған аудармалары
М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ тіліне аударылуы және Абай шығармасымен байланысы
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Абай табиғат жыршысы
Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін насихаттау
Ілияс Жансүгіров. КҮЙШІ (Поэма)
Қазақ тіліндегі варваризмдер
Ахмет иасауи
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Алтай осы жерден басталады
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жер үсті ж/е жер асты суларының ластануы.
Жер-су реформасы.
ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА